Іздеуде жүрген Аманжан Рысқалиев байланысқа шықты
2014 ж. 07 ақпан
2617
4
Бірнеше жыл бұрын Атырауда осындай атаумен компания құрылған. "Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы" ісіне қатысты процесте аталған компанияның бұрынғы заңгерлері куәлік етті.
Олар бірнеше пәтерді әртүрлі азаматтардың атына рәсімдеуге көмектескенін айтты. Бұл істі компания басшылығының нұсқауымен жүзеге асырған. Істі нақтылау үшін Аманжан Рысқалиевтің бұған дейін сотта куәлікке тартылған бейнежазбасы тыңдалды.
Айтуынша, "ЭЙБИГРУПП" серіктестігінің басшысы Назби Алиев Атырауда салынып жатқан тұрғын үйге қаржылай көмек көрсетілуін сұраған. Ол үшін дайын үйден тоғыз пәтер беретінін айтып уағдаласқан. Алайда, келісім құжат жүзінде рәсімделмеген. "Және сол үйлерді таныстарымның атына рәсімдеп, кейін сатып жібердім", - дейді бұрынғы мәжілісмен, қазір халықаралық іздеу жарияланған Аманжан Рысқалиев 2013 жылдың 23 ақпанында берген бейнежазбасында.
Алайда, араларында ешқандай құжат рәсімделмеген.
"Ол сол салынып жатқан үйлерден орнына пәтер беретіндігін сұраған ақшасы көлемінде тоғыз пәтер беретін болды. Қарызға сұраған ақшасы тоғыз жүз мың АҚШ доллары көлемінде болды. Содан бірнеше күннен кейін мен өзімнің кабинетімде Алиев Назбиге тоғыз пәтердің ақшасын бердім. Мен сол кезде тоғыз пәтерге келісім-шарт жасап, сол шарт бойынша өзіме сенімді адамдар меншік ретінде жазылған соң Алиевтен қандай да болсын қолхат алмадым"- деа ақталды Аманжан Рысқалиев.
nur.kz