“Жақсы қыз қашып кетедi, жаман қыз шашып кетедi”
2014 ж. 07 ақпан
8738
6

Қыз алып қашу үрдiсi атам қазақта баяғыдан бар. Отбасынан кедергiлер болып жатса, қызды алып қашып кетедi. Және қыздарды алып қашып қосылуының басқа да себептерi бар. Қазақта “Жақсы қыз қашып кетедi, жаман қыз шашып кетедi” деген де мақал бар. Қызды үйден шығарып салуға отбасының жағдайы көтермесе, жiгiт екеуi ақылдасып, жiгiт оны алып қашады. Әрине, ал жiгiттердiң ерiксiз басып алып кетуi де болып тұрады. Ондай жағдайда қыз артынан қуғыншылар келiп, қыз көнбеген жағдайда қыздарын алып кетедi. Әрине, мұндай жағдай бiрен-саран ғана. Немесе қыз келiсiп, арты тойға ұласып, кейiн үйлi-баранды болып жатады. Сондықтан парламент депутаттары адам құқығын қорғау мәселесiнде жазаны жан-жақты сараптап белгiлесе екен...
М.Оразұлы,
"Жас Алаш" газеті