Ерболат Құдайбергенов сот алдында жауапқа тартылды

6
4402

Белгілі қазақстандық әнші Ерболат Құдайбергенов сот шешімімен 4 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған сотының ақпанның 3-і күні шығарған шешіміне сәйкес Қазақстан халқының басым көпшілігі жатқа айтатын «Мен қазақпын» және «Біздің жігіттер» әндерімен танымал болған әнші 4 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. «Оны полиция қызметкерлері тоқтатқанда, аяғынан тұра алмайтындай жағдайда болды» делінген сот өкілдері таратқан мәліметте.

Әншіні ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 467 бабы (Көлікті мас күйінде жүргізді, есірткіні пайдаланды немесе көлікті спирттік ішімдік ішкен адамның жүргізуіне ерік берді) бойынша жауапқа тартқан. Ал бұл бап бойынша адам әкімшілік жауапқа тартылып қана қоймай, кемі 4 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады екен.

Естеріңізге саламыз 2012 жылы желтоқсанда қазақстандық тағы бір әнші Қайрат Түнтеков та ішімдік ішіп алып, жол ережесін өрескел бұзып қана қоймай, Назира Есенаманова есімді қыздың Toyota Land Cruiser 100 көлігімен соқтығысып қалған болатын. Ол кезде сот оны 2 жыл 9 ай көлік жүргізу құқынан айырып, 40 күнге дейін қамауда ұстау туралы үкім шығарған болатын.

Tengrinews.kz

6 ПІКІРЛЕР

  1. «казак»десен озимизге тиеди,шынымен атагы мен мансабына карап багалайтын заман болды.Зан барлык жанга бирдей!Тиисти жазасын алу керек,адам болгасын кателесетини белгили,бирак катенин кайталанбауына ким кепил?Занга багынып,жазасын алсын,басына тигесин аягын тартатын болады.

  2. Жұлдыз ауруменен ауырған ғой, сол керек, жүргізу куәлігінен айырылғаны дұрыс болды, енді көлік айдаса ұстап алып, қатаң шара қолдану керек мұндайларға. А то жазықсыз жандар құрбан болуы мүмкін. Аямау керек. Атақ, шенді, шекпенді деп қарамау керек.

  3. Жомарт кате жазады екенмин деп Казак Унинен бас тарта алмаспын тунги уакытта уйкым келгеннен кеткен кателер болса керек мен ак кагазга жазатын бала емеспин озимнин де сайтым бар

  4. Шарбат
    6 ақпан, 2014
    11:20 pm
    Ерболат Кайрат адам берген бағsын устай алу керек кой .Әрине бул жерде жастыктында буы бар деп ойлаймын.Кателеспеспейтін пенде жок шығар Сок кателігін дер кезінде уғып натежие шығарса болды гой
    ***********************************************************
    Шәке, Сізге бірінші, өз ойыңызды ақ қағазға жазып, қателерін түзетіп барып, пікіріңізді жарияласаңыз, өте тамаша болар еді!

  5. Ерболат Кайрат адам берген бағsын устай алу керек кой .Әрине бул жерде жастыктында буы бар деп ойлаймын.Кателеспеспейтін пенде жок шығар Сок кателігін дер кезінде уғып натежие шығарса болды гой

  6. Жігіттер,жігіттер,Эстраданың жігіттері машинаны есіп айдар,Роктың жігіттері бөсіп айдар,Попсаның жігіттері ішіп айдар,Бұларды құтырған деп кім айтар,Жігіттер жігіттер ішіп алда машина айдап кел,

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз