"Нұр Отан" мемлекеттік тілді "аяламақ"
2014 ж. 06 ақпан
1467
1

Тілдің статусы Конституцияда көрсетілген. Тіл туралы арнайы заң бар. Мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Қыруар қаржы бөлініп жатыр.
Нәтижесінде, қаншама қазақтілді балабақшалар мен мектептер салынып, қазақша білім алатын оқушылар мен студенттердің үлес салмағы артып келеді. Еліміздегі БАҚ пен электронды ақпарат құралдарындағы ана тіліміздің үлес салмағы айтарлықтай артты... – Дей тұрғанмен... – Дегенмен, қолда бар мүмкіндіктерге қарамастан мемлекеттік тілдің жағдайы қоғамда өзінің көкейкестілігін жоғалтпай келеді. Бұл бір жағынан, тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы ішкі жағдайдың ерекшеліктерін, басқа да толып жатқан этносаяси және қалыптасқан менталдық факторларды ескерсек, объективті құбылыс. Ал екінші жағынан алсақ, түбінде мәселе өзіміздің, тиісті өкілетті органдардың енжарлығына, науқаншылдыққа әуестігіне, орындаушылық тәртібінің болмауына келіп тіреледі. Бұған БАҚ құралдарындағы сан-алуан мақалалар мен жарияланымдар, ұлт зиялыларының жанайқайы, алысқа бармай-ақ қоялық, партия поштасына толассыз келіп түсіп жатқан азаматтарымыздың хаттары мен арыз-шағымдары куә. Мемлекеттік тіл туралы бағдарламада 2020 жылы халқымыздың 95% қазақша сөйлейтін болады деп межеленді. Ол жөнінде жария түрде айтылды.Мемлекеттік тіл туралы бағдарламада 2020 жылы халқымыздың 95% қазақша сөйлейтін болады деп межеленді. Ол жөнінде жария түрде айтылды.
Ал енді осы бағдарламаның іске асырылу барысына, тиісті министрліктің жұмыс сапасына қарасақ, ол қалған 6 жылда ойдағыдай орындала ма деген үлкен сұрақ туады. Қазіргі заман тілімен айтсақ, қолжетімді ме? Егер Интернеттегі қазақ тілінде ақпарат алмасудың үлес салмағы (небәрі 5%), мектеп бітіруші жастардың қазақшасының деңгейі сияқты көрсеткіштерді ескерсек, мақсатымызға уақытылы жететініміз күмәнді. Ал шындығында, біз межелі көрсеткіштерге жасалған мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, Елбасы тапсырмаларын, қолдағы заңнаманы қалтқысыз орындай отырып, байбаламсыз, күнделікті нақты жұмыспен ғана қол жеткізе аламыз. Оған барлық мүмкіндік бар. – Кешегі Елбасы тапсырмасымен Үкіметте өткен жиналыста осы жұмыстың қандай нақты жолдары талқыланды? – Біріншіден, отырыстың өзі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясы Саяси бюро кеңесінде мемлекеттік тілді дамытуға байланысты берген тапсырмасын орындау мақсатында өткізілді. Оған Премьер-министр С.Ахметов төрағалық етіп, министрлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері қатысып, қызу пікір таластырып, ой бөлісті. Партия тарапынан біз министрліктер атқаруы тиіс жұмыстың кемшін тұстарына нақты назар аударып, олардың атын атап көрсеттік. Мысалы, қолданыстағы "Тіл туралы" заңның тиісті баптарында қазақ тілін қажетті деңгейде білуі міндетті лауазымдар мен мамандардың тізімі бекітілуі жөнінде нақты айтылған. Біраз уақыт өткеніне қарамастан, ол тізім тиісті министрлік тарапынан ұсынылмаған.Егер ондай тізім, сәйкесінше, заңды талап болғанда, ұшақтық бортсеріктер сияқты халыққа тікелей қызмет ететін мамандық иелеріне қатысты кейбір келеңсіздіктер орын алмас та еді.
"Білім туралы" заңға сәйкес бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілі міндетті пәндердің қатарын-да болуы тиіс. Бірақ осы ҰБТ өткізуді реттейтін Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарына сәйкес, қазақ тілі бойынша жиналған ұпай сандары есептелмейді. Нәтижесінде, үміткер балалар оны үйренуге мүдделі емес. Мемлекеттік органдар Елбасы қол қойып, қабылданған заңның сөзсіз іске асуын қамтамасыз етуге міндетті екенін естен шығармауы керек. Қоғамда, әсіресе, жастар алдында қазақ тіліне байланысты талап болмайынша, бұл мәселеде түбегейлі өзгеріс күту қиын. Сол сияқты Мемлекеттік бағдарламаның жыл сайынғы орындалу барысы да жариялы түрде айтылып, әр жылға нақты жоспар, қала берді "Жол картасы" жасалуы қажет. 95%-ға қалай жететінімізді ел білуі керек. Сонда ғана қоғам мүшелері оған атсалысып, ой бөлісіп, іске асуына көмектеседі. Бұл – Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей міндеті. Мәселе – Мемлекет басшысы тапсырмаларын, мемлекет тарапынан айтылған міндеттемелерді абыроймен орындауды ойлауымызда. Әйтпесе істің аяғы жалаң айғайға, өзгені кінәлауға, сөйтіп өзімізді де, тілімізді де қолдан сүйкімсіз етуге алып келеді. – Бірақ тізім жасап, тіл білуді міндеттеу қазақша білмейтіндердің наразылығын тудырады дейтіндер де бар... – Кезінде, Елбасы тапсырмасымен мемлекеттік қызметкерлердің "А" корпусы жасақталып, үміткерлерге қойылатын талаптар қатарына қазақша тестілеуден өткізу бойынша сұрақ туындаған. Өзіңіз айтқандай уәж келтіріп, қарсы шыққандар да болды. Бірақ Президент Әкімшілігі соған қарамастан мемлекеттік тілді жетік білу жөнінде талап қойып, үміткерлердің "КазТест" жүйесінде тест тапсыру міндетін бекітті.Елбасы тапсырмасымен мемлекеттік қызметкерлердің "А" корпусы жасақталып, үміткерлерге қойылатын талаптар қатарына қазақша тестілеуден өткізу бойынша сұрақ туындаған. Өзіңіз айтқандай уәж келтіріп, қарсы шыққандар да болды.
Оны барлық үміткерлер, оның ішінде ұлты қазақ емесі де жетерлік, хал-қадерінше тапсырды. Наразы болған біреуі жоқ. Керісінше, олардың көпшілігінде мемлекеттік тілді үйренуге, ол бойынша сынақтан өтуге болады екен ғой деген сенім, үміт пайда болды. Жалпы, "басқа жұрт қарсы болады" деген – әбден жаттанды болған жалтақ аргумент. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда қазақ орта мектептерінде оқитын өзге ұлт өкілдері балаларының саны 35 мыңнан астам. Бұл дегеніңіз солардың ата-аналарының, туыстарының көзқарасы оң, ұлт болашағына деген сөзсіз сенімге толы дегенді білдіреді. Бұл – Елбасы саясатының жемістілігінің көрінісі."Айқын" газеті