Н.Назарбаевтың Украинадағы жағдай туралы саяси көзқарасы

dd01e1a726_217165Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинаны әуелі экономикамен, сосын саясатпен айналысуы қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Елбасы Астанада дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуінде айтты. Президенттің сөзінше, Украинада болып жатқан жағдайлардың барлығының себебі "әлеуметтік мәселелерде" жатыр. "Совет одағының экономикасын білетіндердің есінде болар. Украина Ресейден кейінгі экономикасы қуатты екінші ел болған. Қазір Украина экономикасының көлемі Қазақстанның экономикасынан 25 пайызға төмен. Бұлай болмауы керек еді. 50 милилон халқы бар, қуатты экономикасы бар мемлекет ең алдымен экономикамен, сосын саясатпен айналысуы керек еді", - деді Назарбаев. Украинада мыңдаған демонстрант өткен жылдың қараша айынан бері үкіметтің Еуропа Одағымен ассоциациядан бас тартуына қарсы наразылық акциялары өтіп келеді.

Азаттық радиосы