Алматы базарындағы кезекті өрт

0
904

Алматыда Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан «Жұлдыз» көтерме сауда базарын өрт жалыны шарпыды, деп хабарланды кеше.

Қазіргі сәтте тілсіз жау ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт жалыны 80 шаршы метрге дейінгі аумақты қамтыған. Төтенше оқиға туралы шұғыл хабар ТЖД-не сағат 18.09-да келіп түскен, ол жарты сағаттан кейін сөндірілді.

Қызыл жалынның бетін қайтаруға бір сағаттай уақыт кетті, сондай-ақ 15 негізгі техника, 6 арнайы техника, жеке құрамның 60 адамы тартылды. Куәгерлердің айтуынша, 10 сауда-қойма орындары зақымданған.

Алдын ала берілген ақпараттарға жүгінсек, өрт базар аумағында газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мұндағы «Барахолка» базарын жиі өрт шалған еді. Онда ең ірі өрт 13 қыркүйекте «Алатау», «Олжа», «Керемет», «Аян» базарларында болды.

Қазақпарат

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз