МАСҚАРА! ӨЗБЕКТЕР ӨЛТІРІПТІ БІЗДІҢ ӘНШІЛЕРДІ…

 baianB0077P 0436“СӘН ӘЙЕЛДЕРДІ ЖАБЫҚ КИІНДІРІП,БАСТАРЫ ЖАБУЛЫ БОЛАДЫ"- деген белгілі дизайнер Аида Қауменованың мақаласына qazaquni.kz сайтына жазған комментінде Қали Жолдасов мырза қазақ әнші қыз-келіншектерін қатырыпты: “Өзбекстанның “Даракчи” деген газетінің тілшісі Юлдашов деген режиссермен сұхбатта: “Сізге қай әншілермен клип түсіру оңай?”-деп сұрақ қойыпты. Сонда анау: “Қазақтың әнші қыздарына клип түсірген оңай, оларға бір керует пен бір ішкөйлек берсең болды. Сол керуетте аунап, өз тәнін өзі сипап, аймалап, мәз болып түседі”,-деп жауап беріпті. Неткен масқара десеңізші! Иә, режиссердің айтқаны рас. Оны теледидардан күн сайын көріп жүрміз. Бұған не дейсіз?"http://www.qazaquni.kz/21072.html ergalievaИә, бұл ащы шындық! "Әндіжанда бір әпкем бар, одан да өткен сорақы!"-дегендей, бізде тек әншілер мен шоу-бизнес өкілдері ғана емес, жалаңаш шығу спорт жарыстарында да (мысалы, кезінде арландарымыз "Астана Арланстың" бір кездесуінде раунд хабарлау үшін бір жапырақ лыпамен табло көтеріп шыққан қыздар туралы meninshe.kazjur.kz жазған еді) кездеседі... Бұлардың бәрін қойшы, ел түзей ме деген саясаткер әжелеріміз лыпаңды былай қойып, бүкіл елдің, бала-шағалары, немерелерінің, ағайын-туыс, құда-жегжат, жора-жолдастарының көзінше тұттай жалаңаш шыға келгенде біраз адам "жүріп кете жаздап", біразы талып қалды. Ерғалиеваның "ерлігін" көргенде, Әселдер мен Мәдиналардың "еркелігіне" жылап көріседі екенсің... АЛЛА АҚЫРЫН БЕРІП, АР-ИМАН мен АБЫРОЙДАН АЙЫРМАСЫН, ӘЙТЕУІР!.. Қазыбек ИСА  www.qazaquni.kz
asel sagatova_madina-sadvakasovaraund kyzy