МАСҚАРА! ӨЗБЕКТЕР ӨЛТІРІПТІ БІЗДІҢ ӘНШІЛЕРДІ…

19
13866
 “СӘН ӘЙЕЛДЕРДІ ЖАБЫҚ КИІНДІРІП,БАСТАРЫ ЖАБУЛЫ БОЛАДЫ»- деген белгілі дизайнер Аида Қауменованың мақаласына qazaquni.kz сайтына жазған комментінде Қали Жолдасов мырза қазақ әнші қыз-келіншектерін қатырыпты: “Өзбекстанның “Даракчи” деген газетінің тілшісі Юлдашов деген режиссермен сұхбатта: “Сізге қай әншілермен клип түсіру оңай?”-деп сұрақ қойыпты. Сонда анау: “Қазақтың әнші қыздарына клип түсірген оңай, оларға бір керует пен бір ішкөйлек берсең болды. Сол керуетте аунап, өз тәнін өзі сипап, аймалап, мәз болып түседі”,-деп жауап беріпті. Неткен масқара десеңізші! Иә, режиссердің айтқаны рас. Оны теледидардан күн сайын көріп жүрміз. Бұған не дейсіз?»http://www.qazaquni.kz/21072.html
Иә, бұл ащы шындық! «Әндіжанда бір әпкем бар, одан да өткен сорақы!»-дегендей, бізде тек әншілер мен шоу-бизнес өкілдері ғана емес, жалаңаш шығу спорт жарыстарында да (мысалы, кезінде арландарымыз «Астана Арланстың» бір кездесуінде раунд хабарлау үшін бір жапырақ лыпамен табло көтеріп шыққан қыздар туралы meninshe.kazjur.kz жазған еді) кездеседі… Бұлардың бәрін қойшы, ел түзей ме деген саясаткер әжелеріміз лыпаңды былай қойып, бүкіл елдің, бала-шағалары, немерелерінің, ағайын-туыс, құда-жегжат, жора-жолдастарының көзінше тұттай жалаңаш шыға келгенде біраз адам «жүріп кете жаздап», біразы талып қалды. Ерғалиеваның «ерлігін» көргенде, Әселдер мен Мәдиналардың «еркелігіне» жылап көріседі екенсің…
АЛЛА АҚЫРЫН БЕРІП, АР-ИМАН мен АБЫРОЙДАН АЙЫРМАСЫН, ӘЙТЕУІР!..

Қазыбек ИСА

 www.qazaquni.kz

19 ПІКІРЛЕР

  1. Олар не істесе де өздері біледі. Өзінің де, елінің де ұятын ойламайды. тек осы сайыстан ақша алу үшін қатысады. Өз беттерімен кеткен. Сенің ойым.

  2. Адамзаттың осыншама саяз ойлап, өз дегеніне жетуді максат кып койып биреудің артынан ангиме жугиртип, елдің санасын улайтыны несі!!! Мында Қазақ елі мен Қазақстан аты қойылайын деп жатқанда әншілердің жалаңаштанғанын аңдып!!! әркімнің өз санасына береді. құдайдың бастарына жазғанын көреді Ал мына тып тыныш жатқан Қазақстан ға Қазақ елі деген атты қоюға ким келиседи?

  3. Біреу бетімен қаратады,біреу көтімен қаратады,біреу билікпен қаратады,адам иманымен қаратады мүны аллах жаратады,

  4. Озбектер казакты сынамайак биринши оздери кундерин корип алсын. Озбектердин иши тар бизди коре алмайды.

  5. Озбектер казакты сынамайак биринши оздери кундерин корип алсын. Озбектердин шиш тар бизди коре алмайды.

  6. Руза ханымның қыз тәрбиелеу үлгісін барлық ата-аналарға, әсіресе, қызы да, келіні де, қатыны да, шешесі мен енесі де кеуделерін жалаңаштап отыра беретін «батысқа» батып кеткен, орысқұл қазақтарға үлгі ету керек!

  7. 2006 ма 2007 жылдама ет точно есімде жоқ Қазыбек аға айтқан құды осы мақаланы Узбекстанда жүргенде менің тағам Құдабай ағамда оқып біздерге оқып беріп қазақтың әнші қыздарының ұятсыздығына ашуланып біразға шейін айтып жүрді. Кеше нағашыма звондапедім ол газетте қозоқ қизлари ярим ялонғач клипга тушади иағни қазақ қыздары жарты жалаңаш клипке түсе берет депет деп жазған деді. Расында өте ұят жаланаш шығу мұсылманға жараспайт.

  8. Мадинаның төсі жасанды емес пе? Кім біледі. Сонымен қатар өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты. Тең, теңімен десек те, елімізде жігіт көп, Дегенменде Мадина өз қатарларын таба алмаса басқа қыздарға не дейміз.

  9. Өзбектер не қылса о қылсын, ал ққыздарды шешіндіретін шоу-бизнесмендерді де, шешінетін ұятсыз қыздарды да, аямай сынай беру керек! Олардың ұяттары төмен ата-аналары кезіндн соны түсіндірмесе. Қыздарым бар, мектепте көргенін істегісі келіп, кластастарынан қалмаймын дегенде, алып келген киімдерін қайта тапсыртып, жыртып та отырған күндерім болды. Қарасам 18 келерде, өздері қарнын ашпайтын, кеудесін жабатын, тізеден жоғары емес киім таңдайтын болды. Енді уф))) деп мен отырмын.

  10. Сая
    мен ойлаймын озиннің өнеріне сенімді болған әнші болсын саясатшы болсын жалаңаштанбайды тек өздеріне пиар жасау ушін істелінетін дүние

  11. Шарбат, кызыксыз, қазақтың әнші қыздарының ұяты – ұлттың ұяты емес пе? Ал ұлттың ұятын осылай шыжғырып тұрып ұлт газеті «Қазақ үні» жазбаса, кім жазады? Одан соң бұл жерде тек әншілер ғана емес, дамбалсыз «оппозицияшы» Гүлжан Ерғалиева да сыналған ғой…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз