Челахтың ісі қайта қаралады

photo_528ҚР Жоғарғы соты "Арқанкерген" оқиғасына қатысты істі қайта қарау туралы өтінішті талқылайды деп хабарлайды Tengrinews.kz Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсеновке сілтеме жасап. Адвокаттың мәліметінше, оған және адвокаттар алқасына осы мазмұндағы хабарлама келіп түскен. Нақты айтқанда, онда 2014 жылдың 4 ақпанында Жоғарғы сотта қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының Челахтың өзіне қатысты сот актілерін қайта қарауды сұраған өтінішін қарау жөнінде отырыс белгіленгені айтылған. Бұл ақпаратты Жоғарғы сот өкілдері растады. Жоғарғы сотқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған Владислав Челахтың істі қайта қарау туралы өтініші келіп түскен. Өтініш, шынымен де, 4 ақпан күні қаралмақшы. 2013 жылдың қыркүйегінде Жоғарғы соттың қадағалаушы алқасы Челах ісіне қатысты үкімді, апелляциялық және кассациялық инстанциялардың қаулыларын өзгеріссіз қалдырған болатын. Кейін сотталушының анасы Светлана Ващенко Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаровтың қабылдауында болып, өз ұлына қатысты күшіне енген сот актілерін қадағалаушы сот алқасының тәртібі бойынша қайта қарауды өтінді. Бірақ бұл өтініш қанағаттандырылмады, себебі, Ващенко бұл іс бойынша процестің қатысушысы емес. Ұмытылмаған болар, "Арқанкерген" шекара бекетінде жаппай кісі өлімі 2012 жылдың 30 мамырында болды. Өртенген шекара тұрағының орнынан 14 шекарашы мен бір орманшының мәйіті табылған еді. Арада біршама уақыт өткенде күдікті ретінде шекарашы сарбаз Владислав Челах ұсталды. Сол жылдың желтоқсан айында сот оған қатаң тәртіптегі колонияда өмір бойы отыру жазасын тағайындады. Қайғылы оқиға құрбандарының туыстары әуелі Челахтың отбасынан шығын талап етуді бекінгенімен, кейін бұл талап арыздарын қайтып алды. Қазақстандықтар арасында бұл оқиғаға қатысты тергеу нәтижелеріне күмәнмен қарайтындар көп.

tengrinews.kz