Елімізде жарамсыз мектеп ғимараттарының саны 768-ге жеткен

3
2338

2014-2016 жылдары 192 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  2014-2016 жылдары 192 мектептің құрылысы жоспарланып отыр.  Бұл өз кезегінде  2016 жылға қарай үш ауысымдағы мектептер санын 13 есеге, апатты мектептерді екі есеге қысқартуға  мүкіндік береді», – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта жергілікті атқару органдары тарыпанан күрделі жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілсе ғана іске асады. Бүгінде еліміздің 1372 мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Алайда жергілікті атқару органдары тек 439 мектепті жөндеуді жоспарлап отыр.

Бүгінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен саман мектептердің саны 768-ге жетіп отыр. Оның 245-і – Оңтүстік Қазақстан облысында.

Қазақпарат

3 ПІКІРЛЕР

  1. Сол мектептерд!н б!р! Казталов аудан орталагындагы Алма Оразбаева атындагы орта жалпы б!л!м берет!н мектеп. 12 жылдык б!л!м беру жүйес!не дайын емес. Сабак кестес! ек! мезг!л болганмен бос кабинеттер жок. Тек б!р кластын оқушыларына химия, физика сиякты кабинеттерде 5-6 сагаттап сабак жүрг!з!лед!. Оны ойлап, бас катырып жаткан ешк!м жок. Сан.эпид. кадагалау аспанга ай карап жүр, сабак кестесін калай тексермейд!, Мысалы 10 а. Труд кабинеттер!нде орыс, казак, шет т!лдер! отед!. НВП кабинет! ол!п жатыр. Информатика кабинет! тозды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз