Бас прокуратураны «Антигептил» қозғалысы қызықтырмаған

0
871

ae5d40c45da61314cfdf22277eab225bЕліміздің Бас прокуратурасы Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке шақырып жүрген «Антигептил» қозғалысының акциясына қатысты пікір білдірді.

Белсенділер екі аптадан бері «Протонды» ұшыруға тыйым салуды талап етіп, бір бірден наразылық көрсетіп жатыр…

«600 тонна гептил төгілді оның зияны зерттелген жоқ. Сондықтан оны зерттеп халыққа түсіндіру керек. Егер зияны болмаса, Ресей өз жерінде ұшырмайды», – деген пікірде «Антигептил» қозғалысының мүшесі Қанаған Нұрбол.

Қозғалыс мүшелерінің біреуі тіпті Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке де шақырып еді. Алайда, ғарышкер белсенділерден сескене ме, жоқ айтар жауабы жоқ па, бірде бір рет төбе көрсетпеді.

Прокуратура өкілдері белсенділерді ұстап әкетіп, оларға 17 мың теңгеден айыппұл салып жатыр. Ал, заңгерлердің айтуынша, жалғыз адамның қарсылығы митингке жатпайды.

Бас прокурордың бірінші орынбасары да бір адамның көшеге шығуы заңға қайшы емес деп отыр. Бірақ, Иоган Меркель белсенділерді әкімшілік жауапқа тарту себебін түсіндіріп бере алмады. Өйткені, Астанада күнде өтіп жатқан «Антигептил» қозғалысының акциясынан хабары жоқ екен…

nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз