Вице-министрдің осынша сауатсыз болғаны ма?!

tolibaev_100114Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Марат Толебаевтың "орыс тілінде "Алматы" емес, "Алма-Ата деген сөз бар", "Өз тілінде қалай сөйлесен де сөйлебер", "Басқа ұлтқа тиіспе" деген жазбасы тағы да қала атауына қатысты талқылауды қыздырды. Оның жазуынша, "Ұнаса да, ұнамаса да, ол біздің тіліміс емес, ол орыстардың тілі. Тілдің иесі өз сөздерін қалай жазатынын өзі біледі". Осы жазбаға орай, әріптестеріміз Толибаевтың уәжімен қатар, оның 11 сөйлемінің сауаттылық деңгейін де анықтауға тырысып көрді. Екі әйел алу мәселесін заңдастыруды ұсынған Марат Толибаев Фэйсбуктегі парақшасына қала атауына қатысты да пікірін қалдырыпты. Оның жазуынша, "Оңтүстік астанамыстың атауын қалай жазатыны тұралы жанталасып жүргендері аз емес". "Қазақша "Алматы" деп айтуымыз керек... Орыс тілінде "Алматы" емес "Алма-Ата". Экс-вице-министр сөзін "Басқа ұлтқа тиіспе" деп түйіндепті. Әзірге Петропавл мен Павлодарға қатысты Толебаевтың пікірі белгісіз. Бірақ, Алматының тұрғындары Конституцияда анық жазылған қала атын өзгертуге құлықты емес. Тегін "Толибаев" деп көрсеткен автордың "астанамыз" деген сөзді қате жазуынан-ақ, оның қазақ тілін меңгеру деңгейі бірден күдік ұялатады. Өйткені, небәрі 10 сөйлемнен ғана тұратын мәтінде әріптік қателер аз емес. Айта кету керек, 1-сынып оқушыларының өзінен жылдың соңында 10 сөйлемдік диктантты қатесіз жазу талап етіледі. Ал, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің Филология факультеті маманы тіпті экс-вице-министрдің 10 сөйлемінің қатесін қызыл сиямен анықтап та берді. "10 сөйлемнен осыншалықты грамматикалық қате жіберген азаматтың қалайша вице-министр лауазымына тағайындалғаны бізге белгісіз. Бізге белгілісі - әр адам елге жөн сілтеу үшін әуелі өзіне бір қарап қойғаны артық емес", - дейді филология ғылымдарының кандидаты Ляззат Әлімтаева.

31 арна