А.Перуашев: "Биылғы жолдау – ұлттық мүдделер манифесі"

Aq jol 1 Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауын ұлттық мүдделер манифесі деп атауға болады. Бұл жөнінде ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының Парламенттегі фракция жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Президенттің биылғы Жолдауы ел тарихына практикалық міндеттердің кешенінде баяндалған әлеуметтік-экономикалық прагматизмнің үлгісі ретінде енеді. Ал осы міндеттердің бел ортасында Қазақстанның мемлекттік дамуының басты құндылығы ретінде ұлттық идея тұр», - деді А.Перуашев. Сондықтан, оның айтуынша, биылғы Жолдауды ұлттық мүдделер манифесі деп атауға құқылымыз. «Жолдауда Президенттің қазақ тілінің рөлі, біздің халқымыздың мәдени ділінің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру туралы, «Мәңгілік ел» туралы айтқан бөлімін тебіренбей тыңдау мүмкін емес еді. «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» деген сөздерін қазіргі Қазақстанның кез-келген әлеуметтік, экономикалық немесе саяси міндетіне эпиграф етіп алуға болады», - деп түйіндеді «Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі.

bnews.kz