Еліміздің батысында жұмысшылар ереуілге шықты

rabochie_zabastovka_1254Еліміздің батыс өңірінің жұмысшыларын "керемет жақсы кезең" біріктіріп отырған жоқ. Ақсайда "KSS Building" компаниясының қолдарына плакат алып шыққан жүзге жуық жұмысшысының басы ереуілде қосылды. Ашынған азаматтар, Қарашығынақ кен орны инвесторларынан, кеңсені жалға беру келісім шартының мерзімін ұзартуды талап етеді. Олардың айтуынша, бұлай істеу себебі - жұмыссыз қалудан қорыққандықтан. Ал кен орнының басшылары құжатты ешкім доғарған жоқ, тек уақыт аяқталды дейді. "КСС" компаниясы бес жыл бұрын Қарашығынақ кен орнының қызметкерлеріне қаржыларын аямай, келісім-шарт негізінде бес кеңсе салып берген. Жыл сайын бұл құжаттың мерзімі ұзартылып келгендіктен, қиындық та тумаған. Бірақ биыл дәстүр бұзылып, кеңсені жалға алып келген жұмысшыларды ғимараттан шығара бастаған. "КСС" қызметкерлері көтерліс ұйымдастырып жүргенде, Қарашығанақ кен орнының басшылары, қызмет көрсететін өзге бес компаниямен меморандумға қол қойып жатты. Бұл келісім-шартқа байланысты, олар "КСС билдинг" жұмысшыларын жұмыспен қамтамасыз етеді. Бірақ бұл да қарапайым халықтың көңіліне демеу емес. Өйткені, екі қолға бір күрек тапқан күннің ұзаққа созылмау қаупі басым,- дейді бұқара. Ал ҚПО бас директоры Дамиано Ратти, қызмет бойынша тендерге хабарландыру енді ғана жарияланбақ дейді. Оның сөзінше, КПО компаниясы КСС келісім-шартты үзген жоқ. Келісім шарттың аяқталу мерзімі 2014 жылдың 31 қаңтары. 2013 жылдың сәуірінде біздің компания Ақсайдағы жалға берілетін ғимараттарға сараптама жүргізді. Бұл жұмыстар тендер өткізердің алдында болады. ҚПО КСС компаниясына тағы үш мерзімге келісім шарттың мерзімін ұзартуға ұсыныс тастаған, алайда "КСС" қабылдаусыз қалдырды. Есесіне, КСС компаниясы Қарашығынақ жобаларын жетілдіру ісі бойынша тендерге қатыса алады.

31 арна