Жұмағалиевтің жүйелі жұмысы
2010 ж. 19 мамыр
1139
0
Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады.
Кездесу барысында жас министр Асқар Жұмағалиев президентке отандық БАҚ-тың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы және қазақстандық интернет-ресурстарының дамуы туралы баяндады.
Сонымен қатар А.Жұмағалиев Қазақстанда цифрлық телеарнаны ендіру мәселелесін де талқыға салды. Қазіргі таңда ЭЦТ ендіруге өту үшін, министрлік, тарату стандарттарын таңдау және жиелік - аумақтық жоспарды (ЖАЖ) әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын атап көрсетті министр.
«Жер серігі цифрлық таратылымды іске қосу, ағымдағы жылдың 1-ші желтоқсанына дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл қадам (қазақстандық + ресейлік) 40 телеарнаны таратуды қамтамасыз етеді. 2011 жылдың шілде айында Қарағанды қаласында цифрлық эфирлік таратылымның пилоттық аймағы айқара ашылады. Цифрлық таратылымның нышандары біртіндеп шекараға шектес өлкелерден бастап, республиканың барлық аймақтарына таратылатын болады», - деді Асқар Жұмағалиев..
Ал, министрліктің атқарып жатқан жұмыстарымен етене танысқан Президент министрліктің басшылығына отандық ақпараттық кеңестіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды.
Жас та болса іскерлігімен қарқынды жұмыс жасап келе жатқан Жұмағалиевтың жұмысты жүйелі жүргізетіндігіне сенім мол.