Бәрі де болашақ үшін

           Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында «Өткенді болашақ үшін сақтаймыз» атты жастардың патриоттық акциясы өтті.

           Акция облыс орталығындағы Даңқ мемориалы мен Славский және Протазанов атындағы жағалау ауданында өтті. Аталған іс-шараға 1,5 мыңнан астам 27 жоғары, орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылары, «Жасыл Ел» және студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты. Олар шара барысында мемориалды кешенді, жағалауларды тазалау мен көркейтумен айналысты.

         Акцияның салтанатты ашылуына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, облыс әкімінің орынбасары   Т.Т.Түсіпханов қатысты.

        Ашылудың шарықтау шегінде 50 бишінің «бес жұлдызды» фигураны құрауы және аспанға «Ұлы Жеңіске – 65 жыл!» эмблемасы бар 65 әуе шарының жіберілуі кеш шырайын одан әрі аша түскендей болды.

           Сенбілік барысында қала төңірегінде орналасқан 2 әскери бөлімдердің қатысуымен «Отанға қызмет етемін» жауынгерлік тапқырлық конкурсы өтті.

           Ұлы Жеңіс күні ЖОО студенттері, орта және арнаулы оқу орындарының оқушылары майдан және тыл еңбеккелерінің жанқиярлық ерліктерінің құрметіне «мәңгілік алау» жанында «Естелік вахтасында» тұрды.

           Сенбілік соңында акцияға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

«Жас қазақ үні» - ақпарат