Аналарды жылатқан алаяқтар

d182d18ed180d18cd0bcd0b0         

 Таяуда Алматы қалалық соты 1500 адамның 10 млн. долларын жымқырған «Ғибрат» көп балалы аналар бірлестігінің жетекшілеріне қатысты шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Яғни бірлестік төрайымы Мәрпия Бұтабаева, заңгері Гүлнәбира Мамытова мен есепшісі Жаңыл Балқыбаеваның аппеляциялық шағымдарын қанағаттандырылмады.

          Алматы қалалық сотының судьясы Ермұхаммед Ділдәбаев Алматы қаласы Бостандық ауданының соты 4 наурыз 2010 жылғы Бұтабаева, Мамытова, Балқыбаеваны ҚР қылмыстық кодексінің 178 бабы бойынша айыпты деп тапқандығын және ол үкіміннің өзгеріссіз қалатындығын мәлімдеді. Осы мәселеге байланысты сотталушылардың және олардың қорғаушыларының аппеляциялық өтініші қанағаттандырылмайтындығын жеткізді.

          Бостандық аудандық сотының үкіміне сәйкес, ұйым төрайымы Мәрпия Бұтабаева мен Гүлнәбира Мамытова 8 жылға, ал Жаңылхан Балқыбекова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы “үштіктің” арбауына түскен көпбалалы аналар енді алаяқтардан тәркіленген мүліктерге қатысты Іле аудандық сотына шағым түсіретін болады. Осыдан кейін тиісті материалдық шығындар өндірілетін болады. Ал. “Ғибрат” бірлестігі жетекшілерінің қорғаушылары аппиляциялық шағымға қатысты шығарылған сот шешімімен келіспейтіндіктерін айтып әлек.

            Қорғаушылар айыптыларды қанша қорғаштаса да, үкім шығарылды. Ендігі жерде орындалатын болады.