Жаңа кадрлық тағайындаулар

kaz_9ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл ведомствоны Ғалым Оразбақов басқарады.

"Отандық кәсіпорындарға Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағы аясында теңдей мүмкіндікті қамтамасыз ету маңызды. Бизнеске қолайлы орта қалыптастырып, бәсекелестікті дамыту керек деді", – Үкімет басшысы.ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов агенттік ұжымына жаңабасшыны таныстырды. Үкімет басшысы мемлекеттік органның алдына Елбасы қойып отырған бірқатар маңызды міндетті атады деп хабарлайды 24 арна. Сондай-ақ Үкімет басшысының Жарлығымен Болатбек Қуандықов Тұтынушылар құқын қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов агенттік ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырып, жаңа органның алдында тұрған бірқатар маңызды міндетті атап көрсетті. "Біріншіден, тұтынушылар мен отандық тауар өндірушілердің құқығы айрықша назарда болуы керек. Азық-түлік қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға басымдық берген жөн. Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапаға сай болуын қамтамасыз ету – басты міндет", – деді Үкімет басшысы Серік Ахметов.

24kz арнасы