Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұловтың тойы 2-ақпанда

1389238434Көрермендердің назарында жүретін әнші қыз Мәдинаның жеке өміріне қатысты айтылып жүрген түрлі "жаңалықтың" қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін біз білеміз! 19 қаңтарда тікелей эфирде өткен "Қазақстан дауысы" баңдарламасында Мәдинаның физиологиясында бір өзгерістің барын да байқадық... Маңыздысы бұл емес... Олжас пен Мәдина 2-ақпан күні Алматы қаласында шаңырақ көтереді. Бұл хабарды алып-қашпа әңгімелерден теріп жазып отырғанымыз жоқ. Мәдинаның өнердегі әріптестері шақыру билеттерін инстаграм желісіндегі парақшаларына қойып үлгерген. "Жел болмаса шөптің басы қозғалмайтыны" рас болып шықты. "Еларна" арнасының режиссері Олжас Смағұлов қолына Мәдина атты құсын қондырмақ. Бұған дейін 2006 жылы Мәдина Сәдуақасова Президент оркестрінде жүргенде танысқан офицер-лейтенантқа тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспай ажырасқан болатын. Мәдинаның алдағы отбасылық өміріне бақыт тілейміз!