Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұловтың тойы 2-ақпанда

20
6165

Көрермендердің назарында жүретін әнші қыз Мәдинаның жеке өміріне қатысты айтылып жүрген түрлі «жаңалықтың» қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін біз білеміз!

19 қаңтарда тікелей эфирде өткен «Қазақстан дауысы» баңдарламасында Мәдинаның физиологиясында бір өзгерістің барын да байқадық… Маңыздысы бұл емес…

Олжас пен Мәдина 2-ақпан күні Алматы қаласында шаңырақ көтереді. Бұл хабарды алып-қашпа әңгімелерден теріп жазып отырғанымыз жоқ. Мәдинаның өнердегі әріптестері шақыру билеттерін инстаграм желісіндегі парақшаларына қойып үлгерген.

«Жел болмаса шөптің басы қозғалмайтыны» рас болып шықты. «Еларна» арнасының режиссері Олжас Смағұлов қолына Мәдина атты құсын қондырмақ.

Бұған дейін 2006 жылы Мәдина Сәдуақасова Президент оркестрінде жүргенде танысқан офицер-лейтенантқа тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспай ажырасқан болатын. Мәдинаның алдағы отбасылық өміріне бақыт тілейміз!

 

20 ПІКІРЛЕР

  1. Шынында да оте ашык екен.Казыбек дурыс айтасыз бірак соны тындайтын қулақ болса шіркін ай дер едім.Киетін адам ешнәрсеге де карамайды

  2. Руза дұрыс айтасыз, киімінің түрі осы. Рузадай, әр қазақ әр қазақ қызының ашық-шашығына намыстанатын болса, әншілеріміз бұлай жалаңаштанып жүрмес еді…
    Ләззаттың (Лязат емес) «Ол өнер жұлдызы болғандықтан Мәдина қазіргі заман улгісімен киінуі керек, өзіне жарасып тұрса неге кимеске»-деп соғуының төркіні оның өз атын Лязат деп орысша жазуынан-ақ көрініп тұр. Содан-ақ оның орысша тәрбиеленгенін байқауға болады… Қазақтың тәрбиелі, ибалы, әке мен шеше тәрбиесін көрген қызы немесе әйелі тек күйеуі ғана көруі тиіс анарын жарқыратып, бәріне көрсетіп жүрмейді… Бектас мырза тура тауып айтқандай, «Қыз баласының, жалпы әйелдердің үстіндегі киген киімі азайған сайын ұяттары да кеми береді». Тек бойжеткен қыздар, ту келіншектер ғана емес, шашы ағарған кемпірлердің де тойларда, концерттерде солай кеудесін жалаңаштап жүргенін көргенде мен өзімнен-өзім қатты ұялып, намыстанып кетемін… Ал Лязаттың Рузаға қаратып: «Біреудің мінін іздеп жамандағанша пайдалы іспен айналысқан жөн шығар, қолда болса бере алмайды,жақсы болса көре алмайтын қазақпыз ғой әттең!!!!»-деп бөсуіне жол болсын! Қазақтың нағыз ұлтшыл, қайраткер қызы Рузаның ұлт мүддесі жолындағы ерен еңбегін талай ер азамат, тікелей міндеті болатын шенеуніктер жасай алып жүрген жоқ оның жүзден бірін де істемеген сен түгілі…

  3. Ол өнер жұлдызы болғандықтан Мәдина қазіргі заман улгісімен киінуі керек, өзіне жарасып тұрса неге кимеске, Мәдинадай қазақтың әдемі, сұлу,сымбатты қыздары көп болсын!!! Біреудің мінін іздеп жамандағанша пайдалы іспен айналысқан жөн шығар, қолда болса бере алмайды,жақсы болса көре алмайтын қазақпыз ғой әттең!!!!

  4. Ол өнер жұлдызы болғандықтан Мәдина қазіргі заман улгісімен киінуі керек, өзіне жарасып тұрса неге кимеске, Мәдинадай қазақтың әдемі, сұлу,сымбатты қыздары көп болсын!!! Біреудің мінін іздеп жамандағанша пайдалы іспен айналысқан жөн шығар, қолда болса бере алмайды,жақсы болса көре алмайтын қазақпыз ғой әттең!!!!

  5. Қыз юаласының, жалпы әйелдердің үстіндегі киген киімі азайған сайын ұяттары да кеми береді. Қайран қазақтың инабаттылығы ай… Батыстың жәлебі мен сайқалына еліктеген қайран қазақтың қыздары ай…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз