Оңтүстік бірінші болып көмек қолын созды

          Жақында тасқыннан зардап шеккен Өскемен қаласы Тарбағатай ауданының тұрғындарына Оңтүстік Қазақстан облысы көмек қолын созды.

          Бұл игі іс ірі кәсіпкер, шаруа қожалығының басшысы, елжанды азамат Амангелді Сопбековтың (суретте) тікелей бастамашылдығымен жүзеге асты. Қашан да қайырымдылық көрсетуден танбайтын жомарт жан бұл жолы тарбағатайлықтарға екі КАМаз ұн жөнелткен болатын. Защита элеваторында сақтаулы тұрған оның жеке сыйлығы жақын уақытта аталған аудандарға жеткізілетін болады.

       - Табиғи апат күтпеген жерден болатыны барлығына мәлім. Сондықтан, теледидардан зардап шеккен шығысқазақстандықтарды көріп, оларға көмек көрсету менің борышым деп санадым. Бастарына түскен қиын кезеңдерде дастархандарында ең бастысы – нан болсын, – деп шештім дейді А.Сопбеков.

           Алыстан келген көмекке шығысқазақстандықтардың Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы тасқын кезінде көмек көрсетуі де себепші болды. 2008 жылдың наурызында ауаның кенеттен жылып кетуінің салдарынан су тасқыны болып көп адамдар баспанасыз қалды.

       - Сол кезде 1450 үй қирап қалған болатын. Шығысқазақстандықтар өздерінің біркүндік еңбек ақыларын аударған болатын. Басқалар да көмек көрсетті, – деп екі жыл бұрын болған оқиғаны еске түсірді А.Сопбеков.

         Сонымен қатар, Сары-Ағаш ауданының тез қалпына келуіне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ислам Әбішев үлкен ықпал еткендігін атап көрсетті кәсіпкер.

           Сондай-ақ, таяуда Амангелді Әбдумәлікұлы ұлттық баспасөз-клубының облыстық филиалында журналисттермен кездесті. Жиын барысында ол бидайды өндеумен және құрылыспен айналыса жүріп, диссертацияны қорғауға уақыт табатынын айтты. Қазіргі таңда ол экономика ғылымының докторы дәрежесіне ие. Көпбалалы отбасында өскен ол, тер төгіп еңбек етуге үйренген және жауаптылықты сезіне біледі.

            Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы Бұлбұл Бакинова болса, Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының шығысқазақстандықтарға бірінші болып көмектескендігін айта келіп, бұл бастаманы басқа облыстардың қолдайтындығына сенім білдірді.

 

«Жас қазақ үні» - ақпарат