Марат Тәжин қызметінен босады

2
1226

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың  баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат МұханбетқазыұлыТәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Марат Мұханбетқазыұлы мемлекеттік қызметте қай тұтқаны ұстаса да дөңгелетіп кетер тұлға. Ұлттық идеологиямыздың темірқазығы – «Ұлт тарихын» жандандыруды қолға алған еді. Ол да бәзбіреулерге жақпаған болып тұр ғой. Қазақтың шынайы тарихы мен мәдениеті зерттеліп, жаңаша сипатқа енсе ұтылатындарын сезген шығар кейбіреулер. Не де болса, бұл науқан жақсылықтың көрінісі емес.

  2. Марат Тәжиннің орны – идеологиялық тізгін – Мемлекеттік хатшы лауазымы еді… Терең ұлттық тарихтың толқындары мен ұлттық мүдде біздің қаптаған Ресей тілінде ойлайтын мәңгүрттерді шоқ басқандай шоршытып түсірген еді… Көп тобыр көрнекті қайраткерді аяғынан шалып, дегендеріне жетті… Дегенмен, Марат Тәжин де оңай шағылар жаңғақ емес екенін ойлап, көңіл демдейік…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз