Мемлекет басшысы ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

20130621182232Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы ҚАУЛЫ ETEMIH: 1.      Қазақстан  Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2.      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы мақұлдансын. 3.      Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар: 1)      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бip ай мерзімде әзірлесін және бекітсін; 2)      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әpi жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен айқындалатын мерзімде және тәртіппен Бағдарламаның іске асырылу мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын; 3)      Осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 4.      Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5.      Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының                 Президенті                                                                   Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2013 жылғы 31 желтоқсан №720