Мемлекет басшысы ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

1
1220

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы

ҚАУЛЫ ETEMIH:

1.      Қазақстан  Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2.      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы мақұлдансын.

3.      Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:

1)      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бip ай мерзімде әзірлесін және бекітсін;

2)      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әpi жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен айқындалатын мерзімде және тәртіппен Бағдарламаның іске асырылу мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын;

3)      Осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

4.      Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5.      Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                   Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 31 желтоқсан

№720

 

1 Пікір

  1. Ел баымыз айтудай айтып та жатыр, осы»силовик» мырзаларға жағдай да жасалуда, бірақ оң өзгеріс кое алмадық. Тестілеуден өткізіп, тәжірбиелі мамандарды «сүзіп» алып тастадық. Орнына жас кадрлер келді, бірақ сол «баяғы жартас -сол жартас». Алға қарай оң істерімен басқан «менттарды» көрмедік. Аттарының өзі «полицай», ал «полицай» атауы соғыс кезіндегі елін, Отанын сатқандармен есте қалып сабақтасады. Қазақстанда тұрып неге оларды «САҚШЫ» деген атаумен атамаймыз. Өткенде бір досымның полицай баласы үйленіп, сол тойға келген «полицейлер» нағыз «полицайша» өнер корсетті, тіптен төбелес басталып кетпесін деп ескерту жасауға тура келді. бір-бірін тыңдамай мас болған олар той шырқын бұзды. енді олар кім халықтың алдында. кәсіби маман болып, ел алғысын алып жүргендерді, құқық қорғаушылардың арасында беделге ие болып жргендерді осындай келеңсіздіктер ар абыройын түсіріп бәріне кір келтіреді. Мораль жағы кемшін. Ертедегідей «полтрук»- тарды енгізу керек. Жалақысы көбейген сайын олар да машине мініп, шалқақтайтын болып барады.не мінсе де, киінсе де оларда құқы бар, әттегені солардың форма киіп, рульде ішіп, танысқа көз жұмып, әлсісізге күш көрсетуі ұнамайды. не істеу керек, былай қарасаң бәрі ақылды, сыпайы сынды, еститінің, көретінің басқа. Сот, прокурорлар, финпол дегендер тіптен керемет, соңғы кезеңде олардың ішінен «лидерлер» шығып, билікті, бизнесті қадағалағысы келетіндер шығып жатқаны әр аудан, қалада белең алып келе жатқаны да шындық. Ұнамағанды, бөліспегендерді сындыра салуы мүмкін, мен бұл туралы газетке мақала да жібердім.Осыны Президент білеме екен?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз