ҚЫТАЙ САЯСАТЫНЫҢ АСТАРЫ ҚАНДАЙ?..

d29bd18bd182d0b0d0b9-21

«…Жауы мен өзін жақсы білетін, жүз соғыста да қатерге тап болмайды.

         Жауын жақсы білмейтін, бірақ өзін жақсы білетін біресе жеңіп, біресе жеңілетін болады. Ал жауын да, өзін де білмейтін айқас сайын үнемі жеңіліс табады».

Сунцзы «Соғыс өнері» кітабынан

 

           Жоғарыда аталған барлық қауіп қатерлерге қарсы шаралар ретінде ұсыныстарымды білдіре кетейін.

          Неге біз әрдайым іс-шара жоспарлағанда, тіпті бір әңгімені айтқанның өзінде бөтен біреудің құқығын бірінші кезекте ойлап айтамыз. Ананың, мынаның құқығын бұзып жібермейміз бе деп жалтақтап отырамыз, сосын барып екінші кезекке өзімізді қоямыз. Қытайдың еркектер проблемасы өздеріне. Соларға қыз жетпей қалады екен деп бізде артылып жатқан қызымыз жоқ. «Әйелін, қызын қызғанбаған адам жұмаққа бармайды» деген халық емес пе едік. Сондықтан қалайда қытаймен аралас некеге тыйым салуымыз керек. Тіпті Индонезия мен Малайзия қытайлықтардың келуіне заң жүзінде қатаң тыйым салды емес пе?

 

                       (Соңы.  Басы өткен сандарда)

            Мүмкіндігінше ұлты қытайға азаматтық бермеу. Әлемдік тәжірибеде көрсетіп жүргеніндей азаматтық алуды қиындату, мысалыға қазақ тілін білуді талап ету, азаматтық үшін тұрақтау мерзімін 5 жылдан 10 жылға көтеру.

            Бір қызығы, біз Қытай туралы көп нәрсе білмейміз. Ешқандай классикалық деңгейдегі еңбектерін оқыған емеспіз. Қысқасы Қытай әлемі, қыр-сыры біз үшін әлі жұмбақ. Сол үшін ҚР Сыртқы барлау қызметінде арнайы Қытай басқармасын құру. ҰҚК жанынан Қытай ғылыми зерттеу институтын құру. Оған қытайдың қыр  сырын жанындай білетін Қытайдағы ұлтшыл қазақтарды тарту. Мысалыға, Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінде 3-бюро Гонконг, Макао (Аомын), Тайванмен арнайы шұғылданатын және сол жердегі ұлты қытай ұлтшылдарын тыңшылыққа тартатын болған. Бұл бюро таяу арада жабылуы мүмкін деген де болжам бар. Себебі Гонконг пен Макаоны қосып алды, енді жақында Тайванды да бағындырады дейді. Көрдіңіз бе, арнайы бюро құрғанның нәтижесі қандай.

            Сондай-ақ қытай жұмысшыларын кіргізбеу, тендерлерге қытай фирмаларын қатыстырмау керек. Кез-келген адам істей алатын қара жұмысшыны Қытайдан әкелудің ешқандай жөні жоқ. Қытай үлеске кіріп алған компанияларының тендерлерін қытайлар шешетін болыпты. Соның себебінен қызметтің барлығына қытайларды тартуда. Сонымен қоса техникаларын әкелуде. Техникасын әкелген соң, қосалқы бөлшектерін әкеледі, сосын оны жөндейтін мамандарын әкеледі, сосын жұмыс орында санын 10-15 жеткізіп алған соң, құқықтарын сұрай бастайды. Тамағын, киімін, азық түлігімен қоса аспазшысын шақыртады. Осылайша кезең кезеңімен істің барлық тетікгін қолдарына алып жатыр. Нәтижесінде бұрындары көшеден еш көрмей   жүрген қытайымызды, енді қазір 2-3-еуін сосын топ топтарымен көретін болдық. Бір білетініміз шекарадан жылына шамамен 50-60 мың қытай кірсе, соның 20-30 мыңы ғана қайтады екен. Бұл ресми дерек көзі, ал бейресми санын білмейміз. Бір таңқаларлық жағдай, Қазақстандағы қытай мигранттары жөнінде не көші-қон полициясы, не статистикалық органдар болсын ешқайсысы дөп басып санын айта алмайды. Бұл проблеманы тез арада жолға қою керек.

            Сонымен қатар Қытайдың қытайландыру саясатына қарсы бiзден басқа да көршiлерiнiң қалай сақтанып келген тәжiрибелерiн саралай отырып, тек Жапониядан ғана үлгi алуға болатынын баса айтқым келiп отыр. Өйткенi, олар ұлттық   менталитетiн сақтай отырып, рухани әлемiне шетелдiктердi бойлатпай, өз аумағына қоныс тепкiзбедi, iргесiн аулақ ұстады. Қандай жағдай болғанда да Қытай азаматының Жапонияда тұрақтап қалуына ешқандай мүмкiндiк қалдырмаған. Жапон азаматына үйлене қалған күннiң өзiнде, азаматымен қоса елден шығарып жiбередi. Қытайдың саясатына қарсы бiздiң әрекетiмiз, осыдан 40-45 жыл бұрын оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнiң Қытайға қарсы әрекетiне ұқсас. Қытайдан ешқандай қауiп сезiнбеген оңтүстiк-шығыс Азия елдерi көп уақыт өтпей-ақ Қытай ықпалында қалай қалғанын бiлмей де қалды. Қазiр бiз де Қытайдан келетiн қауiптi айтарлықтай сезiне алмай отырғанымыз рас. Қытай 5 мыңжылдық тарихында ешқашан көршi елдерiн күшпен басып алған емес. Алдымен тауарларын кiргiзiп, артынан сауда-саттықпен барған қытайлар тұрақтап қалып, қытай тауарына тәуелдi етiп, соңында саяси жағынан да тәуелдi етiп отырған. Сонау Сары өзен бойынан басталған жаулап алу саясаты арқылы қазiр 9,6 млн. шаршы шақырымды бағындырды. Нәтижесiнде қаншама халықтарды соғыссыз-ақ жер бетiнен жойып, қаншамасын отарында   қанап отыр. Олар қарумен жауламайды, тек қана Конфуцийдің саналарына мыңдаған жылдардан бері сіңіріп тастаған «1 сантиметрден алға жылжып отырсаң жеткілікті» деген ұстанымын іске асыруда. Ендi осындай өткен тарихтан да сабақ ала отырып неге сақтану шараларын қолға алмасқа. 1) Ұлан-ғайыр даламыздың Қытаймен шекаралас жатқан шекара бекеттерiнде Қытайдың демографиялық ағынын реттеп отыру үшiн 4 шекара бекетiнiң тек Достық шекара бекетiнен ғана қытай дипломаттарын қатаң қадағалап өткiзу қалғандарынан адамдар өткізбеу (заттары өте берсін) қажет. Бiрақ тауар алмасу қалыпты барлық шекара бекеттерiнен жүре бередi; 2) Қазақстанға кiрген әрбiр   Қытай азаматын қатаң қадағалауда ұстау арқылы, қонақ үйден басқа жерлерге – үй жалдап тұруына қатаң тиым салу; 3) нақты саны белгісіз азаматтығымызды алған қытайлардың Қытайдағы туыс-таныстарын түрлi жолдарымен шақырып, Қазақстанның өндiрiс өнеркәсiбi, сауда-саттығы сияқты түрлi салаларына iшкерiлей араласуына жол бермеу; 4) Ақпарат құралдарында, оқулық құралдарында Қазақстанды қытайландыруға қатысты арандатуға жол бермеу. 5) Қытайдан тауарлармен бiрге келетiн рухани өнiмдерiне шектеу қою; 6) қазақ халқының қаймағы бұзылмай сақталып келе жатқан Қытайдағы 1,5 млн. қазақты Қазақстанның солтүстiк аудандарына көшiрiп алу. Алайда ресми дерек бойынша 1,3 млрд. тұрғыны бар Қытайдың демографиялық, әлеуметтiк проблемасы шаш-етектен болса да қандастарымызды отанына қайтаруға құлықты емес. Қытайдағы қандастарымыз Қазақстанға келетiн болса демографиялық, ұлттық проблемаларымыздың бiршамасы шешiлген болар едi. Сонымен бiрге картадан қарағанда төбемiзге жайғасып алған Ресейдiң солтүстiк өңiрiмiздегi саяси ықпалы азаяр едi. Шығыс көршiмiздiң қаншалықты   қауiптi екенiнiң парқына бара алмай отырған азаматтарымызға Қытайдан келген қандастарымыз түсiндiруге және жақыннан тануымызға көмектескен болар едi. Осы мәселелердiң бәрiн ескерiп, Қытай үкiметi мұны Қазақстанға қатысты бiр «көзiр» ретiнде ұстап отыр. Әйтпесе қандастарымыздың бәрiн әкелгеннен соншалықты Қытайдың демографиялық жағдайына әсер етпейтiнi айдан анық. Егер де бiз Қытайдағы 1,5 млн. қандасымызды әкелiп үлгере алмасақ болашағымызға қатысты, Қытайға қатысты бiр «көзiрiмiздi» жоғалтқанмен бiрдей. Өйткенi, соңғы жылдары Қытай үкiметi қандастарымыз орналасқан Шыңжаң аймағын қытайландыруды қарқынды түрде бастап кеттi. Және болжамдарға қарағанда жақын уақытта қытайланып бiтедi деген болжамдар да бар. Бұдан түсiнгенiмiз — Қазақтардың басын бiрiктiрмей кезең-кезеңiмен қытайландыру. Яғни, Қытайдағы қандастарымызды қытайландырып бiткен соң, ертең бұл күннiң бiзге де тумауына кiм кепiлдiк бере алады. Жоғарыда аталған күрмеуi шешiлуi керек мәселелердiң барлығы тарихымыз бiзге көрсетiп, дәлелдеп ортаға шығарып берiп кеткен сабақтарынан туындаған проблемалар. Егер де бiз осы мәселелердiң шешiмiн табуға тырыспасақ, әрекеттенуге ниет етпесек мұның зардабы ауыр болмақ.

           Енді бір мәселе айта кетейін, осы келтірілген айғақтардың көпшілігі сыртқы ақпарат көздерінен алынды. Бізде Қытаймен қарым-қатынасқа байланысты барлық ақпараттар құпия сақтаулы. Қытайдың қаншалықты қауіп төндіріп отырғанын білу қиын. «Қытай қауіп төндіріп тұрған жоқ, ол Ресей саясатының ықпалы» дейтіндерге айтарым, егер де жоғарыдағы фактілерді еске түсірсек Қытай қалай қауіпті емес деп айта алады. Қытайдың ақпараттарына сенетіндер «Қытай қауіпті емес» деп әлде бір жалған мысалдарды келтіріп әлек. Бәріне айтарым Ресейдің де Қытайдың да фактілерін бір шетке қойып Қазақстандағы орын алып отырған фактілерге көзді ашып қарасаңыздар, сонда Қытайдың қаншалықты қауіпті екенін түсінесіздер. Әрине сыртқы ақпараттар өз идеологиясының шеңберінде ғана айтылған, жазылған пікірлер. Ал біз осындай арандатуларға, басқа елдіңидеологиясының жетегінде кетпес үшін осы пікірлерді ұлттық санамыздың сүзгісінен өткізіп өз мүддемізді көздейтін пікірлер, идеологиямызды қалыптастыруымыз керек. Мысалыға, «Қытай сияқты аждаһаға төтеп беру үшін Ресейдің жанынан табылуымыз керек» деген сияқты. Біз үшін Қытай аждаһа да, Ресей аю да емес. Екі елге де төтеп бере алатын ұлттық рухымыз бар. Сыртқы күштің қару мен экономикалық әлсіздігімізді санамызға сіңірген түсінігінде қалмай, рухты халық екендігімізді ұмытпаңыздар. Егер бір рухтанып кетсек біздің алдымызда айдаһарыңыз да, аюыңыз да қоян болып қалатынын біліңіздер. Сондықтан тәуелсіз ел ретінде ұлттық рухымызды өлтірместей тәуелсіз сана, идеология қалыптастырайық.

              Хан мен қара бір Намыс туының астына жиналар, серпілер, еңсемізді көтерер, толарсақтан қан кешіп, намыс үшін жан кешіп елімізді, тәуелсіздігімізді қорғайтын күн жақындады. Б.д.д. уақыттары 100 миллионға жуық қытайды алдына салып қуған 1 миллион ғұн бабаларымыздың даңқты рухымен қайта қауышайық. Біз, «Дос болғанға құшағы ашық туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз!!!»

 

 

Пазылбек

АБСАТТАРҰЛЫ

Алматы