Тоқсан минуттық жолдаудың түйіні

8
1026

Осымен екінші рет жолдау Парламент қабырғасынан тыс жерде, Тәуелсіздік сарайына жарияланды. Шенеуніктер қымбат шетелдік көліктерімен ағылса, лауазымы төмендері автобуспен жеткізілді.

Ал жиынның өткізілу тәртібіне биыл біраз өзгеріс енгізіліпті. Ортадағы үлкен үстелге Үкімет мүшелері жайғасқан. Төрдегі басты орынның иесі өзін көп күттірген жоқ, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әдетте, Нұрсұлтан Назарбаев үндеуін мінберде тұрып оқыса, бұл жолы  өйтпеді. Ал жолдау былтырғының жалғасы, яғни «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері жайында жалғасты.

«2050 жылға дейін 30 елдің ішіне кіреміз деген бағдарлама. Халықтың  әл-ауқатын көтеруге арналған. Біз қалған 35 жылды 7 жылдан бес жылдыққа бөлеміз. Сөйтіп халықтың тұрмысын жақсартамыз», – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондықтан әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық берілген.Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа, ішкі жалпы өнімді 5 есе көтеру, ауыл шаруашылығы, медицина мен білімді қаржыландыру ұлғая бермек.

Ал кәсіпкерлікпен айналысуды әр отбасының негізгі құндылығы ретінде қарастыру ұсынылып отыр. Елбасы алдымен жалақы, жәрдемақы және шәкіртақының өсетінін айтып қуантып қойды.

Үндеуді 90 минут бойы оқыған Елбасыға жиналғандар 50 рет қол соқты. Екі рет орындарынан тұрып ілтипат көрсетті. Ерекше әсер алғандардың бірі президент әкімшілігінің басшысы Кәрім – Мәсімов. Ол тарихи сәтті қалт жібергісі келмеді ме, әйтеуір күнде көріп жүрген Нұрсұлтан Назарбаевты телефонымен суретке түсіріп әуре болды.

Алдағы 35 жылға жоспарланған құжат өте ауқымды. Бастысы барлық сала қамтылған. Енді премьерден бастап, министрлер, облыс, аудан ауыл әкімдері, тіпті депутаттарға дейін жолдауды жатқа соғуы тиіс. Өйткені, оны халық арасында түсіндіру соларға жүктелген.

КТК арнасы

 

8 ПІКІРЛЕР

  1. Солай екен ғой, аңқаулығым күшті-ау! Бұлда мемлекеттің қалтасынан өз қалталарына сауатты түрде ақша құюдың жолы екен-ау! Мұндай ақылды адамдар үкімет басында отырмағанда мен отырам ба?

  2. Маңғыстаулық Мәке қатырыпты біздің «ақылды» шенеуніктерді… Бірақ, Мәке, жолдаудың басым бөлігі Ресей тілінде айтылғандықтан, Қазақстан азаматтарының 1 милионнан астам оралманы, тағы 3-4 миллион ауыл қазақтары бар, олар шет мемлекеттің тілін – орыс тілін білмейді. Сонда 30-40 пайыз ел Елбасы Жолдауын түсінбеді деген сөз. БІЗДЕ Ресей тілін білмейтіндер орыстардың санынан анағұрлым асып кетеді.. Енді ел аралап, соларға түсіндіру үшін 6 миллиард теңге бөлінді дейді… Сонда қарасаңыз, бір сағат шетел тілінде – Ресей тілінде сөйлеудің құны біздің қалтамызға – қазынамызға қыруар қаржы – 6 миллиард теңгеге түсіп отыр… Ал қаншама сабылуды, заң шығарудың орнына ысырап болған қайран уақытты айтып отырған жоқпыз…

  3. Жолдауды тыңдайтындар тыңдап, көретіндер көрді. Енді оны елге түсіндіру керек дейді. Сонда біз мыйғұламыз ба, әлде әкімчиктер президенттен де ақылдылау ма?

  4. Жолдауда оралмандар мәселесі айтылмадығой.Я Қазақстандағы қазақтарға нан тауып берсем де жетер деп отыр ма?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз