Наурызда нағыз демалыс болады

imagesБиыл Қазақстан халқы наурыз айының жартысына жуығын демалумен өткізеді. Өйткені наурыздың 14 күні демалыс пен мерекелерге түсіп тұр. Бұл туралы үкімет порталында жарияланды. Көктемнің алғашқы айы мерекеге толы болмақ. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз демалыс күндеріне түсіп тұр, сәйкесінше қазақстандықтар наурыздың 8 мен 10 аралығында демалады. Сондай-ақ Наурыз мейрамы да демалыс күндеріне сәйкес келеді, осыған байланысты күн мен түннің теңелу мерекесі 21-нен 25-не дейін ұзартылады. Естеріңізге салып өтсек, 2013 жылы қазақстандықтар наурыз айында 13 күн демалған болатын. Елімізде мереке күндері жұмыс күні болып есептелмейді. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады

nur.kz