«Ақ жол» партиясының сайтына шабуыл жасалды

2
917

Бұл ақпараттық арандатушылықтың  нәтижесінде сайттағы «Ақ жол» партиясының ағымдағы қызметі туралы, көкейтесті мәселелер бойынша партия мүшелерінің 2013 жылдың  соңынан бастап, соңғы бастамаларын және сөздерін қоса алғанда,  материалдары оқшауланып отыр.

«Ақ жол» ҚДП қатысты кезекті арандатушылық – партияның интернет сайты бұзылды және істен шығарылды. Бұл туралы Ұлт.kz порталына Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, «Ақ жол» партиясының интернет сайты белгісіз біреулермен бұзылғандығы және істен шығарылғандығы туралы ҚДП-ға сайттың провайдері «PS интернет-компаниясы» ЖШС хабарлаған.

Бұл ақпараттық арандатушылықтың  нәтижесінде сайттағы «Ақ жол» партиясының ағымдағы қызметі туралы, көкейтесті мәселелер бойынша партия мүшелерінің 2013 жылдың  соңынан бастап, соңғы бастамаларын және сөздерін қоса алғанда,  материалдары оқшауланып отыр.

Осы шабуылдан «Ақ жолға» саяси және ақпараттық нұқсаннан басқа, қаржылай да шығындар келтірілді.

Оқиғаға байланысты  «Ақ жол» партиясы ІІМ-не қаскүнемдерді анықтау және партияға келген едәуір зиянды  қалпына келтіру бойынша үндеухат жолдады. Онда «Қазіргі жағдайда «Ақ жол» ҚДП сайты жұмыс істеуге жарамайды. Партияға жаңадан сайт құру қажет, бұл бірнеше миллион теңге болады», – делінген.

Партияда, интернет-жіберілімдеріндегі жалған «тәубе хатын»,  2012 жылы партия төрағасына қарсы  сәтсіздікке ұшыраған сот процестерін, партияның заң қызметі жетекшісінің автокөлігіне қышқыл төгуді,  Амантай қажы және Жуланова ханымның орынсыз айыптарын, және тағы басқаларын қоса алғанда, бұл арандатушылықты оның ұстанымдарына шабуылдардың тізбегінің кезекті буыны ғана болып табылады деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, партия Орталық Кеңесінің президиумы мұндай әрекеттердің ең алдымен «Ақ жол» ҚДП-ның Парламенттегі беделінің өсуімен, көтерген мәселелерінің өзектілігімен және қазақстандықтардың сенімінің ұлғаюына байланысты туындап отырғанына сенімді. Белгісіз партияға қарсы осыншама қиян-кескі, лас тәсілдерге дейін қолданып ешкім де күреспес еді ғой.

«Бүгінгі таңда «Ақ жол» ҚДП  қоғамда салмағы бар, бизнес-ортада және мемлекеттік органдарда абыройлы, байыпты саяси және жариялы ресурсқа айналып келеді. Сондықтан да, партияға ықпал ету әрекеттері де ұлғаюда», – деп есептейді партияда.

ult.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Сайт осыдан 7 жыл бұрын жасалынған. Қанша уақыттан бері жинақталған ақпараттық-талдау және партиялық мәліметтер мен құжаттары бар қоры еді. Оны қайт келтіру қиынға түседі. Сырт дұшпанның залалы, үлкен зиянын тигізді. Десе де, бұдан партияның абыройы өспесе түспейді. Түрлі саяси сынақтардан шындалып келе жатқан АҚ ЖОЛ кез-келген саяси науқанға дайын екендігін қоғам мойындаған. Аққа қара жақ дейді, қазақта АҚ ЖОЛ биліктің яғни халықтың партиясы болады. Іске сәт «АҚ ЖОЛ» партиясы!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз