Асанәлі Әшімов Қайрат Нұртасқа алданып қалғанына қынжылды

ashimov1401Әйгілі актер Асанәлі Әшімов Қайрат Нұртастың "Өкініш" фильміне түскен кезде алданып қалғанын айтады. Тіпті актер бұл фильмде өзінің ойнағанын білмеген екен. Оқиғаның жай-жапсарын танымал ардагер өзі баяндап берді, деп хабарлайды Qaznews.kz Асанәлі Әшімов "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында: "Қайраттың шешесі өте пысық адам екен. Маған келіп, "Асанәлі аға, мына балама бата берсеңіз", деді. Е, берсем берейін деп аз сөзбен тілегімді айттым. Аппаратурасымен түсіріп жатқан. Отбасының шаруасы шығар дедім де қойдым. Соны фильмге кіргізіп жіберіпті ғой. Әйтпесе, Қайрат Нұртас арқылы атымды шығарып қайтейін", — дейді.   Қысқасы, Гүлзира Үсенқызы "Өкініш" фильмін жарнамалаудың айла-тәсілін тапқанға ұқсайды. Соның арқасында "Өкініштің" көрермені өте көп болды. Ал фильм туралы үлкен-үлкен жарнамаларға суреті ілінген Асанәлі ағамыз: "Мен халтурщик емеспін", — деп ренжіп отыр.

Qaznews.kz