Асанәлі Әшімов Қайрат Нұртасқа алданып қалғанына қынжылды

14
2074

Әйгілі актер Асанәлі Әшімов Қайрат Нұртастың «Өкініш» фильміне түскен кезде алданып қалғанын айтады. Тіпті актер бұл фильмде өзінің ойнағанын білмеген екен.

Оқиғаның жай-жапсарын танымал ардагер өзі баяндап берді, деп хабарлайды Qaznews.kz

Асанәлі Әшімов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Қайраттың шешесі өте пысық адам екен. Маған келіп, «Асанәлі аға, мына балама бата берсеңіз», деді. Е, берсем берейін деп аз сөзбен тілегімді айттым. Аппаратурасымен түсіріп жатқан. Отбасының шаруасы шығар дедім де қойдым. Соны фильмге кіргізіп жіберіпті ғой. Әйтпесе, Қайрат Нұртас арқылы атымды шығарып қайтейін», — дейді.

 

Қысқасы, Гүлзира Үсенқызы «Өкініш» фильмін жарнамалаудың айла-тәсілін тапқанға ұқсайды. Соның арқасында «Өкініштің» көрермені өте көп болды. Ал фильм туралы үлкен-үлкен жарнамаларға суреті ілінген Асанәлі ағамыз: «Мен халтурщик емеспін», — деп ренжіп отыр.

Qaznews.kz

 

14 ПІКІРЛЕР

  1. Ауыз ашылса болды,көшке үршен иттей неге шулап кетесіңдер.Сол сендер айтқаннан өзгерер не бар…Асанәлінің соны елге айтар жөні жоқ…Оны іліп әкетіп елге жерден жеті торай тапқандай жарияа жасаған журналистерде шамалы болып отыр-ғой…Ал талқылағанда Қайратқа нестейсіңдер оған ол құйрығында сүртпейді :kulki1:

  2. Қайрат пен анасы осы фильмнің ертен дүйім жұртқа тарайтынын білді ғой, сөйте тұра Асанәлі ағамызды алдап түсіріп алыпты деген сөзге қай логикаларыңызбен сеніп отырсыздар?

  3. Асанәлі ағамыздың осы жасқа дейін жинаған абыройына нұқсан келді деп ойламаймыз «Өкінішке» түскеннен, керісінше осы мәлімдемесінен кейін Асанәлі ағамыз жай видео сьемка мен кино аппаратураны ажырата алмайтын қандай актер болды? Бәрін айт та бірін айт қазақ ешқашан берген батасын бұлдаған емес.

  4. Журналист қауым, Абайдың «біріңді бірің қазақ дос, көрмесең істің бәрі бос» дегеніне қарсы жұмыс жасап, неге екеуінің арасына от салып, айдап салып жатырсыздар? Әрине, сіздерге рейтинг керек қой! Қайраттың атымен байланысты кез келген ақпараттың өте көп оқылатынын біліп Асанәлі ағамызға барып шағыстырып, оның шамына тиіп, қалай ғана келісім бердіңіз сондай фильмге түсуге деп «мен тек бата беріп едім» деген сөзін іліп алып, Қайратты өтірік айттыға келтіріп қойдыңыздар!

  5. Адамдар да қызық ілмек етіп берілген ақпаратты дүрмекке айналдыруды мақсат етіп қойғандардың қақпанына кеп түседі. Неге ойға салып ойланып көрмейсіздер, «Өкініштің» жұртқа жайылып көрсетілгелі қанша уақыт өтті, фильм шықпай тұрып-ақ киноға түскендердің аты аталып,қанша рет жарнамаланды ғой. Сол кезде Асанәлі ағамыз осы мәлімдемені жасамай қайда қалды, шын алданған болса?

  6. Қайрат шынымен бала. Ақсақалды алдағандарына жол болсын… Үлкендерді ренжіткендердің жолы болмайды деуші ме еді?!

  7. Бұлдаған ешкім жоқ, алпыс жыл абыройы асып-тасыған дарынды ақсақалдың дарынсыз жалауық мамасының баласына бата бергені рас. Бірақ киносында халтурамен енгізіп, ақсақалдың қасықтап жинаған абыройының болмысын қисынысыз монтажбен безендіріп, міне, балаәншіге кімдер батасын беріп жатыр деп көрсетуі. Бейшаралық пен шибөрілік тірлік…

  8. Берген батасын бұлдау,білмеймін, бір түрлі ұят сияқты.Соңғы кезде Қайратты қаралаушылар көбейіп кетті.Соның қатарында Асекеңнің болуы өте өкінішті.. . «Қарға қарғаның көзін шұқымайды»деуші еді ғой.

  9. Қазақ «итпен ит болма» дейді. Біреуі алдады екен деп бүкіл бір өңірге жала жаппа, Адайдың азулысымын деп отырған бауырым! Осы сөздеріңмен-ақ бүкіл рулы елге сөз келтіресің, жөніңе отыр. Адайдың азулысы болсаң ақылды сөз айт!
    Асеке! Ондай ұсақ-түйектерге жүйкеңізді жұқартпай-ақ қойыңыз. Баласын кім жаман болсын дейді, шашы қысқарғасын ақылы таусылып қалған әйелдің шорқақ ойы ғой. Алла сабырын берсін!

  10. Қайрат жігіттің Асанәлі атасына Сіздің бата-сөзіңізді фильмге қоссам бола ма, ата,-деп рүқсатын алуы керек еді.Мүмкін,Қайраттың жастығы шыңар.Соған бола бет жыртыспай-ақ қойыңыздар,ағайындар.

  11. Адайлық азулы, әккі шымкенттік демекке қақыңыз жоқ! Бір қазақтың ұрпағы, осылай бөлінгенді қашан қояды екен. Сіздердей ру*тайпаға әлі бөлініп жүргендерді көргенде, қазақтың бірлігіне, болашағына күмәнмен қараймын. Абайлап сөйлеңіз!!!!!!!!!!!!!!!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз