Әбләзов қалай да Қазақстанға оралуы тиіс!

pic_b924eb129a558e5efc4c2778bdc9648cМұхтар Әбләзовты қалайда Қазақстанға қайтару керек. Қашқын банкирдің отанына оралуына депутаттар да күш салмақ. "Әбләзовты өзімізге сұрағанымыздың себебі - оның қанын, өмірін ешкім іздеп отырған жоқ. Мәселе ұлттық қорымыздан шығарған ақшамызды қайта орнына қою", - деді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев КТК арнасына. Айта кетсек, Франция соты Әбләзовты Украина немесе Ресейге экстрадициялау туралы шешім қабылдаған болатын. Осыны естіген халық қалаулылары қос елдің заң шығарушы органдарымен байланыс орнатып үлгерген. Себебі олигарх Қазақстанға қайтарылған жағдайда одан ұрланған қаржыны өндіріп алуға болады дейді. Ал БТА банкіден 6 млд доллар жымқырды деп айыпталып отырған Әбләязов Франция сотының шешіміне қатысты апелляциялық шағым беріп үлгерді.

КТК арнасы