Британдық Times газеті үшін You.Gov газеті жүргізген Халықаралық қоғамдық пікір сауалнамасына сәйкес Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдегі ең танымал адам болып танылды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Екінші және үшінші орынға АҚШ және Ресей президенттері Барак Обама мен Владимир Путин жайғасты. Рим папасы Францискке көбірек бүйрегі бұратын американдықтар, оған Обамаға қарағанда, екі есе көп дауыс берген. Сөйтіп төртінші орын Рим папасына бұйырды.
Қытайда ҚХР басшысы Си Цзиньпинге қарағанда Билл Гейтске екі есе көп дауыс берген. Барлығы сауалнамаға Британиядан, Франциядан, Германиядан, Ресейден, АҚШ-тан, Австралиядан, Пәкістаннан, Үндістаннан, Индонезиядан, Қытайдан, Мысырдан, Нигериядан және Бразилиядан 14 мыңға жуық адам қатысқан.
Компанияның деректері бойынша, егер сауалнаманы бір ай бұрын өткізген күнде әлемдегі ең беделді адамдардың рейтингісін Нельсон Мандела бастар еді.
Ең атақты британ саясаткері ретінде Біріккен Корольдіктің Тәуелсіз оңшылдар партиясының көшбасшысы Найджел Фарадж атанды. Сауалнамаға мыңдаған британдық қатысушылардың екеуі ғана Дэвид Кэмеронды ең беделді адам деп көрсеткен. Ал Ресей респонденттерінің көпшілігі Путинді сол атаққа лайық деп санайды.
Сауалнама нәтижесін жариялаған Times газетінің жазуы бойынша, британдықтардың бірде-бірі әлемдегі беделді деген адамдардың ондығына түспеген, бұл халықтың саясаткерлерге деген сенімін жоғалтқанын білдіреді. YouGov сайтының басшысы Стивен Шекспир: "Біз Британияда саясаткерлерге сенім артпаймыз. Ал Америкада керісінше - американдықтар өздері қолдамайтын партия көшбасшыларын жақтырмайды, тек өздері дауыс беретін саясаткерлерді қолдайды. Ал британдықтардың жалпы саясаткерлерге деген көзқарасы төмен".
"Германияда Ангела Меркельді бәрі жақсы көреді. Ол іш пыстыратын, тым салмақты адам болып көрінгенмен, немістер оны сол қасиетіне бола құрметтейді. Олар өз көшбасшысының өте ақылды да сенімді әйел екенін біледі. Германияда бәрі оны өз орнында отырған адам деп санайды".
nur.kz