Мәдина Сәдуақасова келін атанды

jn-vZzqVoToСоңғы күндері қазаққа белгілі әнші Мәдина Сәдуақасованың жеке өміріне қатысты әңгіме-талқылар қызу жүріп жатқан-ды. Бұл жағымды жаңалық қазіргі таңда әншілердің басым бөлігі отыратын "инстаграм" әлеуметтік желісінде расталған сияқты. Өйткені, Мәдинаның жақын құрбысы әнші Қарақат Әбілдина өзінің жеке парақшасына құрбысының бала ұстап тұрған суретін қойып, "Асыл досыма енді осындай қара домалақтарды тілеймін" деп жазып қойған. Тағы да әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева да Мәдинаны ақ орамал тағып, ақ босағадан аттаған қуанышымен құттықтады. Бұған дейін фэйсбуктегі парақшасында"Ел Арнаның" келін түсіргенін және ол келіннің Мәдина екенін сол арнаның басшысы Серік Аббас-шах жазған болатын. Өзге де әншілер бұл ақпаратты өздерінің жеке парақшаларында жариялап, әріптестеріне бақыт тілеп жатты. Демек, Мәдина расымен келін атанды. Бірнеше жыл бойы "Мәдина қашан отбасын құрады екен" деп тілеуін тілеген халықтың да, көптен бері бұл турасында ойлап жүрген әнші Мәдинаның да арманы орындалды. Сүйген жүрегін Мәдина Алматы қаласынан тапқан екен. Ғаламтордағы мәліметтерге қарағанда күйеужігіт жергілікті телеарналардың бірінде режиссер болып жұмыс істейді. Есімі Олжас. Екі жас  некелерін қиып, отбасы атаныпты. Ал, тойларының нақты қашан болары әзірге белгісіз. Сүйіктісіне сүрініп қосылса да, Мәдинаның отбасылық өміріне бақыт тілейміз!