
Қазақстандық Scat әуе компаниясы әлем бойынша нашар қызмет көрсететін компаниялар қатарына кіріп отыр.
Халықаралық сарапшылар 448 әуе компаниясының қызмет сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тізім жасап шығарған, деп хабарлайды
24.kz
AirlineRatings.com интернет-порталы 2013 жылғы әлемдегі ең сенімді авиакомпаниялардың рейтингісін жария етті. Рейтингіні құрастыруда тасымалдаушылардың апаттар статистикасы мен сыну фактілері назарға алынды.
Австралиялық Quantas Airways Limited компаниясы AirlineRatings.com порталының ең жоғары жеті жұлдызын иеленіп, рейтингі тізімін бастады, деп атап өтеді шетелдік БАҚ.
Клиенттер Австралияның ең ірі тасымалдаушысына зор сенім артады - компания көпжылдық тарихында бірде-бір төтенше оқиғаға жол берген жоқ.
Одан кейінгі орындарда AirNew Zealand, All Nippon Airways, Cathay Pacific Airways, Emirates, Etihad Airways, Eva Air, Royal Jordanian, Singapore Airlines and Virgin Atlantic сияқты авиажелілер тұр.
Тізімге енгізілген 448 авиакомпанияның 137-сі ең жоғары рейтингіге жетті. Өкінішке орай, қазақстандық SCAT компаниясы бұл тізімге кіре алмады. Рейтингі аясында оған бір ғана жұлдыз бұйырды.
Компанияның мұндай төмен баға алуына 2013 жылғы қаңтарда Алматы облысында "Көкшетау-Алматы" бағытындағы рейсті орындаған SCAT авиакомпаниясының ұшағында бірнеше адам мерт болуы себеп болды. KamAir (Афганистан) және Bluewing Airlines (Суринам) компаниялары да қазақстандық тасымалдаушының кебін құшып, бір-бірден ғана жұлдызға ие болып, рейтингі соңында қалды.
24kz.