Мәдинаны алып қашып кетіп, көнбей қайтып келгені рас па?

madina

31 арнадан бастап, бірталай сайттарда сүйкімді әнші Мәдина Сәдуақасованың тұрмысқа шыққанын сүйінші сұрап жатқанына біраз болды...  Тіпті, салиқалы басшы журналист  Серік Абас-шахтың өзі фейсбуктегі парақшасында «Еларнаға елге танымал келін түсті» деп жар салған соң, сенбеске амал қалмай, тойға дайындала берген едік. Күйеу баланың да аты-жөні аталып, ол «Еларнадағы»  Олжас атты режиссер жігіт болып шықты... Осы кезде енді бір тұстан, бірер сайт төбеден түскендей етіп: «Жоқ, Мәдина тұрмысқа шыққан жоқ, ол бос сөз»-дегендей хабар жариялады... Сонымен, Мәдинаның неке қидырып, келін атанып, ақ босаға аттағаны рас па, жоқ па?  Кезінде Мәдина «тұрмысқа шыға қалсам, өзім хабар беріп, жария етемін» деген болатын...  Ол неге үнсіз... Ұялы телефонына шықсақ,  «байланыс аясынан тыс жерде» деп бір құрбысы саңқ етеді... Ауылда отырып, қос астанадағыларды жатқызып-тұрғызатын  досым Батырға хабарлассам, ағызып қоя берді: «Оны біздің ауылдағыдай алып қашып кеткен... Сол кезде хабар тарап кеткен... Бірақ Мәдина көнбей, жігіттің жеңгелері қанша орамал саламыз деп алысса да, бой бермей, бір-екеуін құлатып, құтылып кеткен... Ол кезінде Қорғаныс министрлігі ансамблінде босқа ән айтпаған болса керек, қорғанысы мықты болып шығыпты...»-деп, бейнефильм көріп отырғандай сарнап тұрып, баяндап берді... -Әй, сен де соға береді екенсің!- деп едім, «Көр де тұр, менің айтқаным 100 пайыз шындық» деп, ант-су ішті. Сонымен Мәдина тұрмысқа шықты ма,  жоқ, жұмысқа шықты ма, кім біледі? Сапар ӘЛІ                                                                                                          www.qazaquni.kz