Жолда жүру ақысы да қымбаттады

images (6)Павлодарда қоғамдық көлікте жүру ақысы бірден 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Мәселе қазір мәслихаттың қарауында жатыр. Алайда жолаушылар тасымалдайтын компания басшыларының бұл ұсынысы қоғам белсенділері тарапынан қатаң сынға ұшырап отыр. Еске сала кетейік, өткен жылдың қаңтар айында да Павлодарда жолақысы 10 теңгеге қымбаттаған болатын. Қазір мұнда автобусқа 50 теңге, ал шағын автобустарға 60 теңге төлейсіз. Юрий Павленко, Павлодар облыстық тұтынушылар одағының тең төрағасы: - Кәсіпорындардың жұмысын қатаң бақылауға алу керек. Депутаттық қорпус жұмыс белсенділігін арттыруы тиіс. Депутаттар сыртта қалмай, халқымызды, павлодарлықтарды, жақтап қалады деп ойлаймын. Марат Асылбеков, Павлодар қалалық ТКШ Көлік және автомобиль жолдары секторының бөлім меңгерушісі: - Бұрын үш жылда бір рет тарифті көтеруге, түзетулер енгізуге мүмкіндік болса, аталған бұйрық уақытқа қарамай жекелеген жағдайларда ғана қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай баға факторларының 10 пайызға көбейген, жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің бағасы қымбаттаған кезінде ғана жүзеге асырылуы тиіс. Екінші фактор, тасымалдаудың тиімсіздігімен байланысты, яғни көлік тасымалынан түсетін кіріс 15 пайыздан төмендеп кеткенде өзгертуге негіз бар.

baq.kz