Жылуы мен суы қымбаттаған халықтың әл-ауқаты мәз емес
2014 ж. 06 қаңтар
1136
0

Бұл туралы "Қостанай жылу энергетика компаниясы" кәсіпорны хабарлады.
Ақпарға қарағанда, 1-қаңтардан бастап 1 шаршы метрді жылыту құны 132 теңге 48 тиынға қымбаттады. Бұған дейін қостанайлықтар аталған қызмет үшін ҚҚС қоса есептегенде 124 теңге 92 тиын төлеп келген болатын.
Есептеу құралдарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар 1 Гкал үшін бұрынғы 909 теңге 91 тиынның орнына 964 теңге 82 тиын, ал заңды тұлғалар 4 мың 139 теңге 84 тиын төлемек.
Ыстық судың бір текшеметрі ҚҚС қосқанда 268 теңгені құрады (бұрын 252 теңге 75 тиын болатын).