Ұлттық кітапханамызда сақталған кітаптардың құны қандай?!

Domesday-book-1804x9726 миллионнан астам кітап қоры бар ҚР Ұлттық кітапханасының шетелдік әдебиет қорында әлемнің 122 халқының тіліндегі шығармаларды табуға болады. Оның ішінде француз кітаптарының 8 мың данаға жуық коллекциясы бар.

 Кітапхана директоры Гүлиса Балабекованың айтуынша, француз кітаптарының 1800-і сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы. Оның ең ескісі 1659 жылғы «Олерари Адам. Мәскеу, Татария және Персия саяхаты есебінің жалғасы». Коллекцияда сондай-ақ, Вольтер, Ж.Ж.Руссо, Мольер, Гюго, Дидро және тағы басқа да белгілі қаламгерлердің шығармалары мен энциклопедиялар, тарих, география секілді түрлі білім салалары бойынша басылымдар бар.