Юлия Тимошенконың халі мүшкіл

0
1034

Украинаның бұрынғы Премьер-Министрі Юлия Тимошенко ауыр жағдайда жатыр.

Бұл туралы Киевте ұлттық қарсылық штабында өткен брифингте оның қызы мәлімдеді. Ю.Тимошенконың жазасын жеңілдету мәселесі қаңтарда қаралмақ. Айта кетейік, Ю.Тимошенко 2011 жылы газ жөнінде Ресей мен Украинаға тиімсіз келісімшарт жасағаны үшін 7 жылға сотталған болатын. Бұрынғы саясаткердің омыртқасы ауырады. Өткен жылдың сәуірінде адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот Ю.Тимошенконы қамауға алуды заңсыз және саяси мүддеден туған деп таныды. Евгения Тимошенко, Юлия Тимошенконың қызы: – Анам 2,5 жылдан бері таза ауаға шыққан емес. Ол оқшау абақтыда отыр. Жарты жыл бұрын профессор Шарите кеңес берген отаны жасауға да мүмкіндік жоқ. Сондықтан оның жағдайы қазір ауыр. Ол аштық жариялағаннан кейін мүлде жүрмейді.

baq.kz

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз