Малайзияда басқа тілден «құдай» сөзін Алла деп тәржімалаған 300 інжіл кітабы тәркіленді

1552c53646b3b2cee5511871e00a6d0cМалайзияда басқа тілден «құдай» сөзін Алла деп тәржімалағаны үшін Библиялық қоғамның 300 дана інжіл кітабы тәркіленді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. Қазан айында Малайзия соты мұсылман емес халықтар «құдай» сөзін «Алла» мағынасымен пайдаланбайды деген тоқтамға келген. Христиандар қауымдастығы болса «өздері араб тіліндегі сөзді қолданғанын және сот қаулысы құқықтарын бұзады» деп отыр. Бұған дейінгі католиктердің Хералд атты газетінде ағылшын тіліндегі құдай сөзін Алла деп аударуға рұқсат берілген қаулының күші жойылды. Өйткені жергілікті тұрғындар осы қаулыдан кезін наразылық білдіріп, қарсылық акциясын ұйымдастырған болатын. Билік қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін осындай шара қолданды. Інжіл кітаптары Куала-Лумпурға жақын Селангор штатындағы Малайзия Библиялық қауымдастығынан тәркіленді. Малайзия халқының үштен екісі ислам дінін ұстанады, алайда елде ірі христиан және индуистер қауымдастығы бар.

bnews.kz