2014 жылдың күнтізбесі 1986 жылғы күнтізбемен бірдей

20140103141519Ғаламторда 1986 жылдың күнтізбелерін сатып алуға ықылас білдіргендер артуда. Ол 2014 жылдың күнтізбесімен апта күндері бойынша сәйкес келеді. Мұндай күнтізбенің бағасы, мәселен e-Bay сайтында 100 долларға дейін жетеді. Күнтізбелер биылғы жылы да сол тәртіп бойынша өмір сүру мақсатымен сатып алынуда. Бір тәулікте ғаламтор-саудалаушылары оның жүзден аса данасын сатқан, деп хабарлады Mignews. Айта кету керек, 1986 жылғы күнтізбені жасаушы Италияның «Пирелли» компаниясы осы жағдайды тиімді пайдаланып  1986 жылғы күнтізбе үшін жасалып, алайда оған енбей қалған фотосуреттерді биылғы күнтізбеде жариялау туралы шешім қабылдады. Қазір олар 2014 жылдың күнтізбесінде шықты. Сонымен бірге, 2014 жылдың 1986 жыл сияқты өз ерекшелігі бар: ол аптаның бір күні - сәрсенбі күні басталып, сол күні аяқталады.