КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның жездесін 120 ит талап өлтірген

20140104101511КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның жездесінің құпия өлімі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын.

«Россия 24» телеарнасының хабарлауынша, Чан Сон Тхэк пен оның бес көмекшісін иттер талап өлтірген.

Бұрынғы шенеуніктерді толығымен шешіндіріп, торға қамаған және сол торға бірнеше күн бойы тамақ берілмеген 120 аш итті жіберген. Бір сағат бойы иттер Чан мен оның көмекшілерінің денелерін талаған екен. Қытайлық БАҚ-тың ақпаратынша, осының барлығын Ким Чен Ын бастаған Солтүстік Корея басшылығы қарап тұрған.

КХДР арнайы әскери трибуналының шешімімен Чан Сон Тхэк мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені және сыбайлас жемқорлығы үшін өлім жазасына кесілген болатын.

 Қазақпарат