АҚШ-та күннің күрт суытуы салдарынан 15 адам ажал құшты
2014 ж. 04 қаңтар
1206
0
АҚШ-тың Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай енгізілді.
АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен батысындағы штаттарды қалың қар басты. Қар көшкініне қалған 15 адам мерт болды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты АҚШ-та 2300-ге тарта әуе сапарлары кейінге шегерілді. Метеорологтардың бойынша, алдағы уақытта температура -23 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Қазақпарат