Нағыз қыс алдағы күндері басталмақ

images (2)"Қазгидромет" РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ескерту жариялады. 4-5 қаңтар күндері Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 4-6 қаңтар күндері Қарағанды, 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді, түнде 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін, күндіз 23-28, кейбір аймақтарда 31 градусқа дейін суытады. 4-6 қаңтар күндері Қызылорда облысында түнде 20-25, кей жерлерде 30, күндіз 15-20, кейбір жерлерде 23 градус аяз болады. 5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде 15-20, кейбір аймақтарда 25, күндіз 10-15, бірқатар жерлерде 18 градусқа дейін температура төмендеуі күтілуде. Астана қаласында 4-5 қаңтар күндері түнде ауа температурасы -31-33С, күндіз -26-28С-қа дейін күрт төмендейді.

"Казгидромет" ақпараты