Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тиілген вагондар апатты жағдайға тап болды

0
1333

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында Сергеевка ауылының маңында көмір тиелген «Тараз – Шымкент» бағытындағы жүк пойызының 11 вагоны рельстен шығып кетті.

Осының салдарынан «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы №17; «Қызылорда-Семей» бағытындағы №22; «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы №23; «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы №33; «Астана-Сарыағаш» бағытындағы №85; «Орал-Алматы» бағытындағы №380 пойыздар кешіктірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Бүгін 06.25-те жұп жолдар бойынша қозғалыс қалпына келтірілді. Апат салдарын жоюға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД жеке құрамының 8 адамы мен 2 техника бірлігі, «ҚТЖ» АҚ 44 маманы және Шымкент стансасынан 1 апаттық-құтқару пойызы жұмылдырылды.

Қазақпарат

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз