Волгоградтың қаралы күндері

0
1435

29 желтоқсан күні Ресейдің Волгоград қаласының орталық вокзалында жергілікті уақытпен 12.45 шамасында  лаңкестік әрекет орын алып, 17 адамның өмірін қиып, 45 адамның физикалық және моральдық ауыр соққы алуларына әсер етті… Әр түрлі болжам мен қуатталмаған ақпараттар жер жүзіне тарады.

Бұған дейін көптеген БАҚ бомбаны іске қосқан әйел болды деп хабарлаған болатын.Вокзалға қарсы ғимаратта орнатылған камера жарылыс сәтін түсіріп алған, сол жазба YouTube-та жарияланды:  Волгоград облысы үкіметінің вице-премьері Василий Галушкиннің айтуынша, он төрт адам оқиға орнында көз жұмған, қалған екеуі ауруханада жантәсілім еткен. 9 бен 60 жас аралығындағы жалпы саны 37 адам ауруханада жатыр. Соның сегізінің жағдайы ауыр, біреуі хал үстінде жатыр. Ал бұдан бұрынға хабар: Ресейлік күш құрылымдары бүгін Волгоградта лаңкестік жасаған жанкешті әйелдің кім екенін анықтады, деп хабарлайды «РИА-Новости». «Нұсқалардың бірі бойынша, лаңкестік актісін дағыстандық Оксана Асланова жасаған болуы мүмкін, алайда бұл ақпаратты тексеру қажет», – деді құқыққорғау органдарындағы дереккөз. Оның айтуынша, О. Асланова арнайы операция барысында өлтірілген содырлар көшбасшыларының бірінің жұбайы болған.Кейін бұл жанкешті әйелдің суреті жарияланды. Қазір жарылысты ұйымдастырған қылмыскердің мүрдесі ДНК тексеруге тапсырылды. Мемлекеттік терроризмге қарсы комитет басшысы Марчин мәлімдемесі бойынша, жарылыс вокзалдың кіреберісінде қауіпсіздік тексеру аппараты алдында болған.

Ресейдің Волгоград қаласында бүгін таңертең тағы жарылыс болды.  Бұл жолы лаңкес орны – троллейбус. 10 адамның қаза тапқаны, 15 адамның жараланғаны хабарланды. Зардап шеккендер арасында жасқа толмаған сәби бар.

ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпаратына қарағанда, жарылысты жанкешті жасаған. Агенттікке дереккөз «Ол жарылыстың сипатынан, жарылыс орнында табылған заттардан көрініп тұр» деген. Жарылыс Волгоград қаласындағы базардың жанында болған.

Тергеу органдары жарылысты терактіге жатқызып отыр. Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин Ресей қылмыстық кодексінің 205 (теракт) және 222-бабы (қару немесе жарылғыш заттардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, «троллейбус толық қираған, зардап шеккендер көп». Оқиға орнында тергеушілер мен жарылған заттар мамандары жұмыс істеп жатыр.  Мұның алдындағы жарылыс түнде, Волгоград вокзалында болған еді. Одан 17 адам қаза тауып, 45 адам жараланды. Тергеу орындары бұл жарылысты да жанкештілер жасаған деп болжайды. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, жарылғыш құрылғы вокзалға кіреберісте тұрған металл іздейтін құралдың жанында жарылған.

Ресейдің антитеррорлық комитеті «жарылысты жанкешті әйел жасаған болуы мүмкін» деп хабарлаған. Бірақ тергеу орындары терактіні ер адам жасаған немесе ер мен әйел бірігіп іске асырған деп болжайды. Әзірге жарылысты ешкім мойнына алған жоқ.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Волгоградта троллейбуста болған жарылыс кезінде зардап шеккендер саны 28 адамға жетті деп мәлімдеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз