Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы Жарлыққа толықтыру енгізді

0
1325

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы Жарлыққа толықтыру енгізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

 «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы

№ 3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы

13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына

сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы

№ 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1,

1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат; 2012 ж., № 68, 977-құжат; 2013 ж., № 19, 316-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 20 желтоқсан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз