Есімов Алматы айналасындағы жерді беруді шектеуді ұсынды

esimov_123456Есімов Алматы қаласының жерлері мен қала маңындағы аймақты пайдалану мәселелері бойынша мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша кеңейтілген жиналыс барысында жеке үйлердің құрылысына арналған жер телімдерін беруді шектеу қажет деп мәлімдеді. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды. Өз сөзінде қала басшысы жиналған қауымға Елбасының Астана аймағы маңындағы учаскелерді беруді шектеуді тапсырғанын еске салды. Мұндай шара Алматыға да қажет деп санайды әкім. Бұған қоса, Алматы әкімі қалада барлық тұрғындарға беру үшін бос жерлердің де жоқ екенін мәлімдеді. "Бізде бас жоспар бар. Сол жоспарға сәйкес, ненің қайда орналасатыны туралы барлығы жазылған. Егер жоспарда өтініш білдіргендерге беруге болатын бос жерлер болса, бұл бір мәселе, алайда жердің барлығы сатылып қойылған. Барлығы да жекеменшікте және де құны да жоғары. Сонда әкімдік өз жер телімдерін талап етіп отырған азаматтардың өтініштерін қалай қанағаттандырады?", - деді Алматы әкімі. Есімовтің айтуынша, қазіргі таңда әкімдікте жер телімдерін алуға тілек білдірген азаматтардың 110 мың өтініші жатыр.

bnews.kz