«Зор бағдарламалардың жастарсыз орындалуы мүмкін емес»

d0b6d0b0d181d182d0b0d180        

 Бұл туралы Таразда өтіп жатқан жастар форумында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев атап көрсетті. Иә, «биік таудың басы болмаса да, баурайындағы тасы» облыс басшысының сөзінен кейін өрге домалайды деген сенімдеміз.

          Аймақ басшысының айтуынша, кадрларды оқыту және қайта даярлауға (Соның ішінде, жастар - 4,6 мың адам қамтылады деп жоспарланған) 311 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінеді.Сонымен қатар, жол картасын жүзеге асыру аясындағы жастар практикасы бағдарламасын шешу барысында биылғы жылы сондай-ақ 3000 жаңа жұмыс орнына 360 миллион теңге бөлінбек.

            ХХI ғасыр-ақпарат ғасыры болғандықтан, форумда жастар мен еліміздің басты капиталы - сапалы жоғары білім екені атап көрсетілді. «Біз облысымызда жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау бойынша үлкен жұмыстар атқарудамыз. Орта кәсіби білім мамандарын дайындауға жыл сайын мемлекеттік гранттар тағайындалады», -деді өз сөзінде облыс әкімі.

            Бүгінгі таңда Жамбыл облысында орта кәсіби білім беретін 56 ұйымда 39,5 мыңнан астам оқушы кәсіптік және техникалық дағдыларға машықтануда. Іс жүзінде кәсіптік мектептердегі оқушылардың 95 пайызы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқып, білім алуда. Үш мыңға жуық жас жігіттер мен қыздар жоғарғы оқу орнында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жүр.

 

Нұрсұлтан    Әмірбек