ХҚТУ апатты аймақтарға 3.5 млн теңге аударды

0
821

          Отандастарына демеу білдіру үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің ұжымы да қайырымдылық шарасын қолға алды. Қызметкерлердің келісімімен қайғы жұтып отырған Қызылағаш ауылындағы және Шығыс Қазақстандық қандастардың мұқтаждығына көмектесу үшін арнайы қорға бір күндік еңбекақыларын аударды. Қызылағаш ауылына жәрдемдесу үшін жиналған қаражаттың мөлшері 2млн 500мың болса, Шығыс Қазақстан өңіріне 1 млн теңге аударылғанын айта кеткеніміз жөн. «Біз апат орын алған аталмыш өңірлердегі ағайындардың басына түскен аса ауыр жағдайды бірге бөлісіп, қашанда көмек қолын созуға дайынбыз» дей келе оларға қолдау көрсетіп, азаматтық танытқан ұжым қызметкерлеріне университет президенті Л.Т.Ташимов мырза алғысын білдірді.

 

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

                                                                                           Түркістан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз